Демонстрациялық материалмен жұмыс
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Біздің ойыншығымыз
Мақсаты
Білімділік
Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту; ойыншықтардың атауларын дұрыс атап, оларды сипаттап айтуға үйрету.
Дамытушылық
Жануарлардың төлдерінің атауын жекеше және көпше түрде айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік
Ойыншықтарды ұқыпты ұстап, күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті материалдар
Көрнекіліктер
Демонстрациялық материалдар: күшік, мысық, лақ, қозы суреттері.
Алдын ала жұмыс
Әңгімелесу арқылы тақырыпқа қызығушылық ояту.
Сөздік жұмыс
«Қозылар», «күшіктер».
Билингвальды компонент
- қозы
- ягненок
- күшік
- щенок
Сабақтың барысы
1) Шаттық шеңбері
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
2) Демонстрациялық материалмен жұмыс
- Балалар, сендерді ата-әжелерің, ана-әкелерің «ботақаным», «қошақаным», «құлыным» деп еркелете ме?
- Үлкендер сендерді жақсы көргендіктен, төрт түлік төлдерінің атауымен еркелетеді.
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Олардың төлдері қалай аталады?
- Бірнеше қозыны қалай атаймыз?
- Бірнеше күшікті қалай атаймыз?
Тапсырма
Үй жануарларының суреттерін бояу.
Билингвальды компонент: қозы — ягненок, күшік — щенок.
3) Сергіту сәті
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
4) Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Шарты
Үлестірмелі суреттерді пайдаланып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталау. Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.
Сұрақ-жауап үлгілері
- Бұл не?
- Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?
- Мынау не?
- Қойдың төлін қалай атаймыз?
- Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?
5) Жеке жұмыс
Қолдауды қажет ететін балалармен үй жануарларын және олардың төлдерін атап, әрқайсысының қалай дыбыстайтынын сұрау.