Адамгершілік - асыл қасиетСабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу; өз халқының салт-дәстүрін үйрете отырып, жаман әдеттен аулақ болуға бағыттау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сабаққа қызығушылықты ояту және белсенділікті арттыру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау, ой-өрісін жетілдіру.

Көрнекілік

Әдептілікке байланысты сөздер мен суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары

  1. 1

    Кіріспе

  2. 2

    Адамгершілік – асыл қасиет (оқушылардың пікірін тыңдау)

  3. 3

    Әдеп пен әдет бір ұғым ба? (көрініс)

  4. 4

    Сұрақ–жауап әдісі (ситуациялық тапсырмалар)

  5. 5

    «Жалғастыр» ойыны

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Әдеп – адамгершілік пен имандылықтың сан алуан қырларын қамтитын ілім жүйесі. Әрбір оқушының бойында мейірімділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттер болуы қажет. Сендер әдемі мінезді, нағыз азамат, жақсы адам болып өсуге ұмтылуларың керек.

Ол үшін осы бастан үйреніп, өзімізге сын көзбен қараған жөн. Әр адамның әдептілігі оның көзқарасынан, сөзінен, іс-әрекетінен байқалады. Әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.

Негізгі ой

Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз құрмет пен ардақтауды білдіреді: «Сіз» — әдеп, «Біз» — көмек. Сондықтан бүгінгі ашық тәрбие сағатының өзегі: «Әдептілік – әдемілік».

Слайд арқылы схема бойынша жұмыс жүргізіледі.

ІІ. Оқушылардың тақпақтары

Айғаным

Ата-ананың тілегі — Адам болып өскенің. Адамдықтың тілегі — Адал болып өскенің. Әдептілік дегенің — Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің — Әуре-сарсаң әлегің.

Айша

Спортпен айналыс — Сұлулық сыйлаған. Сол саған пайдалы іс — Сауық пен кинодан.

Мыңмұхаммад

Тәртіпті бала — сүйініш, Төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала — күйініш, Төмендеп басың кетеді.

Аружан

Ұрыншақ бала жанында — Ұрыс, керіс, айқай-шу. Ұстамды бала маңынан — Ұнамды қылық байқарсың.

Айғаным

Шындықты сақтаймыз, Шыншылды жақтаймыз. Шаршы топ алдында Шығарып мақтаймыз.

Ақбаян

Сыйлап сәлем беремін, Көршіні көргенде. Ізетті деп білемін, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Әжем айтып өкпесін.

Мыңмұханбет

Су құйдым құманмен, Қолына мен әкемнің. Содан кейін оған мен Орамалды әпердім.

Айша

Бақшаны суарып, Келеді су алып. Самауыр қайнатып, Үйде де, түзде де, Қылығы — өнеге. Ұстазы бізге де Ұнайды ол неге.

Аружан

Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса — Сыйлы болмақ өзі де, Үлкен болған кезінде. Сыйла үлкен-кішіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның тілін ал. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.

Музыкалық бөлім

«Кір басқан қуыршақ» әні орындалады.

Көрініс

Тақырып: «Адамгершілік деген не?» — оқушылардың ой-толғауы, пікір алмасу.

Сұрақ–жауап (ситуациялар)

  • Мектептен үйге қарай асығып келе жатсаң, алдыңнан үлкен кісі шықты. Не істер едің?

  • Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен қалай әрекет етесің?

  • Көшеде біреу жол немесе жөн сұраса, не істеген дұрыс?

  • Автобуста немесе қоғамдық орында егде адамдарды көрсең, не істегенің жөн?

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  • Адамгершілік деген не?

«Жалғастыр» ойыны

Не істеуге болмайды?

  • Үлкеннің алдынан өтуге...
  • Кішкентай баланы жылатуға...
  • Құстарды атуға...
  • Сабақтан кешігуге...
  • Сыныпта айқайлауға...

Не істеу керек?

  • Үлкен кісіні сыйлау...