Сабақ барысының жоспары
Сабақ тақырыбы
Шартты операторлармен жұмыс
Сабақтың түрі
Теориялық–практикалық
Пәнаралық байланыс
Математика, геометрия
Оқу фокусы
Алгоритмдер және шартты операторлар
Сабақтың мақсаты
1) Білім
Алгоритм түрлерін меңгерте отырып, шартты операторлармен жұмыс істеуді үйрету.
2) Дағды
Теориялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру; логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамыту.
3) Құндылық
Эстетикалық талғамды қалыптастыру; нәтижеге қол жеткізуге және уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру.
Сабақ барысының жоспары
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақтың жұмыс тәртібімен және бағалау парағымен таныстыру.
-
2
Өткен тақырыптарды қайталау
Ауызша сұрақтар арқылы өткенді еске түсіру; арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазу.
-
3
Жаңа сабақ
Шартты операторлардың құрылымы мен қолданылуын түсіндіру.
-
4
Деңгейлік тапсырмалар
Әртүрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау.
-
5
Жинақтау және бағалау
Барлық деңгей тапсырмаларын қорытындылап, оқушылардың жұмысын бағалау.
-
6
Қорытынды
Сабақ нәтижелерін талқылау және негізгі ұғымдарды бекіту.
-
7
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша бекіту тапсырмаларын беру.
Қайталау сұрақтары
Тақырыпты бекітуге арналған жетекші сұрақтар.
-
1
Алгоритм дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.
-
2
Алгоритмнің берілу тәсілдерін атаңыз.
-
3
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
-
4
Программалау тілін қалай түсінесіз? Бағдарлама жалпы құрылымы неден тұрады?