Талаптыға нұр жауар атты білімділік сайысына қош келдіңіздер

Информатика — болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды,
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын танытады.

Нұрлы үмітті арқалаған әр жүрекке
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Білім сайысына келіп тұрған сайыскерлерді ортаға шақырайық!

Қош келдіңіздер!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер! «Талаптыға нұр жауар» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа әділ баға беріп, төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырамыз:

  1. 1 ________________________
  2. 2 ________________________
  3. 3 ________________________

1-бөлім: Таныстыру

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

Көрермендер жиналған бұл тамашаға
Құр қарап, жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, ағайын, танысқа емес —
Қол соғайық білімді жас талантқа!

2-бөлім: Топ басшылар сайысы

Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.

Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.

1-топ басшысына сұрақтар

  1. 1) Компьютердің «миы» Процессор
  2. 2) Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы Модем
  3. 3) Сыртқы жады Диск
  4. 4) Pascal қандай тіл? Бағдарламалау тілі
  5. 5) Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Қадамдардың тізбектей орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритм.

2-топ басшысына сұрақтар

  1. 1) Мәтінді жою пернелері Delete, Backspace
  2. 2) Принтердің неше түрі бар? 3
  3. 3) Интернетке қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға Провайдер
  4. 4) Интернет желісі қай жылы пайда болды? 1969
  5. 5) Циклдік алгоритм дегеніміз не? Жеке команда немесе командалар тобы көп рет қайталанатын алгоритм.

3-бөлім: Мақал — сөз мәйегі

Топтарға компьютерге қатысты мақал-мәтелдер беріледі. Міндет — олардың күнделікті өмірде қолданылатын бастапқы нұсқаларын табу.

Компьютерге қатысты нұсқа

  • Жігітті компьютеріне қарап бағала
  • Байт биттен құралады
  • Вирустан қорыққан интернетке шықпас
  • Компьютердің жұмысы иесіне мәлім
  • Антивирусы күшті вирус ала алмайды

Күнделікті өмірдегі бастапқы нұсқа

  • Жігітті досына қарап бағала
  • Теңге тиыннан құралады
  • Шегірткеден қорыққан егін екпес
  • Аттың сыры иесіне мәлім
  • Досы көпті жау алмайды

4-бөлім: Қас-қағым сәт

Мәңгі есте қалар қызықты бір жиын болсын. Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.

Басты талап: топтар берілген сұрақтарға жылдам жауап беруі керек.

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

Бит

Ақпаратты шығару құрылғысы

Принтер

Вирус жоюшы бағдарлама

Антивирус

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс желісі

Интернет

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тілі

Интерфейс

Ең алғашқы бағдарламаны жасаған адам

Ада Лавлейс

5-бөлім: Көрермендермен ойын

Кезек келді көрерменді сынға салуға: жауап беру қиын емес — білгенге. Ойыншының ұпайын арттыратын демеушілер залдан табылар ма?

Шифрланған сөз

  • РЕТЮЬПМОК компьютер
  • РОССЕЦОРПОС сопроцессор
  • АКНОЛОК колонка
  • РОТИНОМ монитор
  • АТҚАТЕНРЕП пернетақта

Ереже

  • Берілген әріптерден құрылғы атауын тауып айту керек.
  • Дұрыс жауап команда ұпайын көбейтеді.
  • Жылдамдық пен дәлдік маңызды.

6-бөлім: Қорытынды

  • Сайыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайын есептеп, қорытынды шығарады.
  • Жарысқа қатысушылар марапатталады.

Ескертпе

Қатысушылар санына қарай сұрақтар мен тапсырмалар көлемін өзгертуге болады. Барлық бөлімде әділ бағалау мен уақыт тәртібін сақтау ұсынылады.

Материал білім сайысын өткізуге арналған жоспар ретінде редакцияланып, құрылымдалды.