Дегелеңдегі жарылыс
Сабақтың барысы
Бұл жоспар оқушылардың мәтінді түсініп оқуына, тарихи-әлеуметтік тақырыпты талдауына және өз ойын дәлелді жеткізуіне бағытталған.
Негізгі акцент
Семей полигоны, адам тағдыры, жауапкершілік
I. Кіріспе
1) Психологиялық дайындық
«Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, жақсы көңіл күйімізді бір-бірімізге сыйлайық. Көңіл күйіміз жақсы болса, қиындықтарды да оңай жеңеміз».
2) Топқа бөлу
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, әр топқа рөлдер мен күтілетін нәтиже қысқаша түсіндіріледі.
3) Үй тапсырмасын тексеру (диалог, түрткі сұрақтар)
1-топ
- Автор оқиғаны қай кезеңде баяндайды?
- «Қансонар» ұғымын қалай түсінесің?
2-топ
Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қандай сөздерден аңғаруға болады?
3-топ
Бала әкесі мен шешесіне қандай мінездеме береді?
4-топ
Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын сөз тіркестерін табыңдар:
- «Жыртығын жамау», «киімім бүтін болса…»
- «Шай дейтін шай да жоқ…»
- «Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы…»
- «Қара қазанға құр суды құйып, қайнатып отырғалы талай заман болды»
4) Үй тапсырмасын пысықтау
- Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған?
- Бала еңбектің ең алғашқы қасиетін қалай сезінеді?
- «Қансонар» сөзінің мағынасын нақтыладың ба?
II. Негізгі бөлім
1) Тарихи-танымдық кіріспе (слайдпен)
Кеңес Одағы 1949 жылдан бастап шамамен қырық жыл бойы Семей өңірінде ядролық қаруды сынақтан өткізді. Бұл сынақтардың салдарынан 300 мыңға жуық адам зардап шекті. Ядролық жарылыс кезіндегі аласапыран оқиғалар мен адам тағдыры белгілі жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» әңгімесінде көркем бейнеленеді.
2) Оқулықпен жұмыс: ДЖИГСО-1
Мәтін ДЖИГСО әдісі бойынша оқылып, әр топ өз бөлігін талдап, қорғайды. Топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап арқылы негізгі ойды жинақтайды.
3) Сөздік жұмыс
Кілт сөздер мәтінді түсінуді жеңілдетіп, көркемдік детальдарды ашады.
| Сөз | Мағынасы |
|---|---|
| Қау шөп | Қалың шөп. |
| Десте-десте | Шалғымен шапқанда шөптің жал-жал болып түсуі. |
| Қотару | Ішіп қою. |
| Сілесі қату | Қатты шаршау. |
| Құлқын сәрі | Таң енді атып келе жатқан кез. |
| Қозықа | Арқардың қозысы. |
| Құлжа | Арқардың еркегі. |
| Жүрегі лоблу | Жүрегі айну. |
| Зәресі ұшу | Қорқу, үрейлену. |
| Көздің қарығуы | Қарашық қуатының кемуі (көрудің нашарлауы). |
4) Диалог және «сынақтан өткізу» (әр топқа 1 сұрақ)
Сұрақтар
- Бұл оқиға қай кезде болды деп ойлайсың?
- Балалар Қажымұратқа неліктен қызыға қарайтын еді?
- Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды?
- Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (ядролық бомба)
- Жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
Талқылау мақсаты
Оқушылар оқиғаның себеп-салдарын анықтап, кейіпкердің әрекетіне моральдық және азаматтық тұрғыдан баға береді. Жауаптар мәтіннен дәлел келтіру арқылы негізделеді.
Назарда ұстау
Дәлел — мәтіннен, пікір — өз ойыңнан.
III. Қорытынды
«Тауып оқы» тапсырмасы (топтық жұмыс, дәлелдеу)
1-топ
- Бүгін не туралы оқыдық?
- Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің?
- Әңгіменің қай тұсы саған ерекше әсер етті?
2-топ
- Мәтіннен ядролық жарылыс кезіндегі табиғат көрінісі берілген бөлікті тауып оқы: «Кенет табан астымыз солқ ете түсті…»
- Қажымұраттың көзі көрмей қалған тұсын тауып оқы.
3-топ
Үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың? Сол ой-сезіміңді білдіріп, Қажымұратқа хат жаз.
4-топ
Мәтіннің соңғы бөлігін оқып, әңгімені өз ойыңмен аяқта.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Қажымұратқа хат жазу.
Бағалау
Формативті бағалау: топтық талқылауға қатысуы, мәтіннен дәлел келтіруі, жауаптың нақтылығы және шығармашылық тапсырмадағы ойдың жүйелілігі ескеріледі.
Рефлексия
«1 сурет, 5 сөз»: бүгінгі сабақтан алған әсерді бір суретпен және бес сөзбен сипаттау.