Суретке назар салыңдар

Сабақтың тақырыптары

  • 2-сынып: М. Әлімбаев — «Көктем келді»
  • 3-сынып: А. Құнанбаев — «Жазғытұры», І. Жансүгіров — «Жазғытұрым»

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Оқушыларға көктем мезгілі және оның өзіндік ерекшеліктері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық
Шығармашылық тапсырмалар арқылы дүниетанымды кеңейту, өз пікірін ашық әрі еркін айту дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Тақырыптық суреттер
  • Суретті жұмбақ
  • Қима қағаздар

Қолданылатын әдістер

СТО Елес жетелеу Проблемалық сұрақ Салыстыру Шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша ғарышқа ұшып, күнге «барады». Бұл тәсіл сабаққа жұмсақ кіріспе жасап, назарды бір арнаға шоғырландырады.

Жылулық шеңбері: «Жылы сөз»

Шашы алтын, көзі от,

Шыға ғой, Күн, тезірек.

Жылу берші, шуақ берші

Маған, ата-анама, апайыма, бауырыма,

Тағы, тағы, тағы да!

Күтілетін нәтиже

  • Сабаққа жағымды психологиялық ахуал қалыптасады
  • Тақырыпқа қызығушылық артады
  • Ойды еркін жеткізуге дайындық жасалады

I. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ

Қар кетіп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді.

Жауабы

Көктем

Талқылау сұрақтары

  • Жұмбақтың көктем туралы екенін қай сөздерден байқадыңдар?
  • Проблемалық сұрақ: «Көктем» сөзі қандай мағына береді?
  • Көктемді басқаша қалай атайды? (Жазғытұрым)
  • Неліктен «жазғытұрым» деп аталады? (Жаз жақындады, жазға салым.)

Суретпен жұмыс

Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады. Әр оқушы «Көктем келді» тақырыбы бойынша мағыналары өзара байланысқан бір сөйлем құрайды.

Осыдан кейін сабақтың негізгі бөліміне өтеміз: көктем мезгілі туралы өлеңдермен танысу және авторлар туралы қысқаша әңгімелеу (сызбаға сүйеніп).

II. Мағынаны тану

2-сынып

1-тапсырма (мұғалім басшылығымен)

  1. Оқулықтағы М. Жаманбалиновтың өлеңін түсініп оқу.
  2. Өлеңге ат қою.

3-тапсырма (мұғалім басшылығымен)

Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеп, кестені толтыру.

Сұрақ Жауап
Ненің? көлдің
Қандай?  
Не?  
Не істеді?  
Қайтіп?  

Өзіндік жұмыс (сөздікпен жұмыс)

Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын тауып, кестені толтыру.

Берілген сөз Мағынасы
Қыстың сызы қыстың ызғары, салқыны
Масатыдай  
Ата-анадай елжірер  
Көк майса  
Желіндейді  
Тайды күзеді  
Ызғары салқыны

3-сынып

1-тапсырма (өзіндік жұмыс)

Абайдың «Жазғытұры» өлеңіне сүйеніп, көктем белгілерін табу.

2-тапсырма (өзіндік жұмыс)

Өлеңге сүйеніп, көктем белгілерін атау.

2-тапсырма (мұғалім басшылығымен)

І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін сипаттау.

Үзінді

Көктем шықты…

Жайлаудағы ауыл…

Жылы жел соқты…

Қыстаудан көшті…

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып, ұшып алайық, орнымызды табайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп ұшайық.

III. Ой толғаныс

Салыстыру

Екі өлеңнің ортақ және айырмашылық белгілерін анықтау.

А. Құнанбаев І. Жансүгіров
Көктем белгілерін өлеңнен дәлелмен табу Көктем көрінісін суреттеу құралдарын анықтау

Шығармашылық тапсырма

I нұсқа

«Көктем» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру:

  • Не?
  • Қандай?
  • Не істейді?
  • Мағыналас сөз
  • Сөйлем

II нұсқа

Өлең ұйқасын табу және толықтыру:

көктемде, көктем, көктем, көктемде, жеткенде.

Мысал: құстар келіп жеткенде.

еріп, күн ұзарып, қар еріп,

толады.

Мысал: су сайларға толады.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталып, нәтижесіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау
  • Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу