Еңбекқор бала
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта»
Сабақтың мақсаты
Ертегінің мазмұнын ашу, идеясын түсіну, мәтінді талдау және ойды жүйелі түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік
Ертегілер туралы білімді толықтыру; оқылған ертегідегі негізгі ойды түсінуге және ертегіні көркем, шебер мазмұндауға жағдай жасау.
Дамытушылық
Оқушы қиялын дамыту, көркем әдеби тілде сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу; дүниеқоңыздық, іштарлық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға бағыттау.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Проектор
- Тест тапсырмалары
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Сабақтың басында психологиялық дайындық жасалады. «Ертегі терапиясы» арқылы оқушылар ертегі кейіпкерлерін таңдап, өз көңіл күйін сабаққа бағыттайды.
Кейіпкерлердің тілегі (мотивация)
-
Диірменші
Бүгінгі сабақ сендер үшін табысты болады. Сабақ бойы жақсы нәтижеге жетесіңдер.
-
Кедей
Бұл сабақтан кейін сендер дүниеқоңыз емес, ақ пейілді, адал, еңбекқор болып, арман-тілектеріңе жетесіңдер.
-
Бай
Бүгіннен бастап білімдерің еселене түседі.
-
Балта
Бұл сабақта сендер үшін шешімі жоқ сұрақ та, жауабы жоқ тапсырма да болмайды.
Үй тапсырмасын тексеру
«Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісінің мазмұны сұралады. Талқылау бөліктері:
- Шөл қысқан хан
- Қырсық қойшы
- Сұңқар мен шөже торғай хикаясы
- Ханның сөзден жеңілуі
Қызығушылықты ояту
Мультфильмнен үзінділер көрсетіліп, әр көрініс бойынша салыстыру және сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
Талқылау сұрақтары
- Суреттегі екі баланың айырмашылығы қандай? Неліктен?
- Еңбекқор бала бақшасын қалай күтеді? Жалқау баланың бақшасының жағдайы қандай?
- Табиғат құбылыстарына байланысты олардың іс-әрекеті мен көңіл күйі қандай?
- Орманға бару сәтінде еңбекқор бала қандай күйде? Жалқау балаға не болды?
- Соңғы көріністе жалқау баланы қалай таныдыңдар? Ол өзгерді ме? Өзгеруіне кім көмектесті?
Қорытынды бағыт
Нәтиже
Еңбекқорлық пен жауапкершілік — табысқа жетелейтін қасиет. Бүгінгі сабақта еңбек тақырыбындағы ертегіні оқимыз.
Негізгі ой
Адал еңбек — береке; дүниеқоңыздық — опық жегізеді.
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезең
«Алтын балта» ертегісі үнтаспадан тыңдатылады, кейін оқылым түрлері арқылы мәтін меңгеріледі.
Еркін оқу
Оқулықтағы мәтінді үнсіз оқу. Оқушылар еріндерін жиып, саусақпен белгілеп отырады.
«Найзағай» оқуы
Жарты дауыспен оқу: баяу және жылдам қарқындарды кезектестіріп оқу.
Канон оқуы
Бір оқушы бастайды, екінші оқушы 1–2 сөйлемнен кейін қосылып, мәтінді жалғастырады.
№1 тапсырма: сұрақтарға жауап беру
- Кедей қайда барды?
- Балта қайда түсіп кетті?
- Диірменші не істеді? Қандай балталарды ұсынды?
- Диірменші қартқа не себепті алтын балта берді?
- Бай қандай әрекет жасады?
- Ертегі қалай аяқталды?
№2 тапсырма: «Балта» сөзіне 5 жолды өлең
Үлгі
- Не? Балта
- Қандай? Алтын, темір
- Не істеді? алды, түсірді, берді
- Сөйлем. Мен балтамен ағаш жардым.
- Мағыналас сөз. Құрал
№3 тапсырма: пікір білдіру
Төмендегі сөйлемдерге қатысты өз ойыңды дәлелмен айт:
«Ақылды болсаң, бай боласың.»
«Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ.»
Оқулықпен жұмыс
- Мәтіндегі жасыл түспен ерекшеленген сөздердің кімге қатысты екенін анықта.
- Мәтіндегі қара түспен ерекшеленген сөздердің кімге қатысты екенін тап.
Негізгі сұрақ
Ертегідегі негізгі идея қандай?
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылар назарын қайта шоғырландырады.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезеңі
Ертегі мазмұны бойынша тест орындалып, нәтижелері тексеріледі. Соңында бағалау жүргізіледі.
Тест
-
«Кер жалқау» сөзінің мағынасы қандай?
- А) қырсық, қыңыр
- Ә) малжанды
-
Қарттың суға түсіріп алған балтасы қандай еді?
- А) күміс балта
- Ә) темір балта
- Б) алтын балта
-
Қарт қандай жан?
- А) құлқыны тоймаған қу
- Ә) дүниеқоңыз емес, ақ пейілді, адал жан
- Б) күншіл, көре алмайтын жан
-
Еңбегінен берекет тапқан кім?
- А) диірменші
- Ә) қарт
- Б) бай
-
Оқыған шығарма ертегінің қай түріне жатады?
- А) қиял-ғажайып ертегілер
- Ә) жануарлар туралы ертегілер
- Б) шыншыл ертегілер
Дұрыс жауаптар
1 — А, 2 — Ә, 3 — Ә, 4 — Ә, 5 — Б
Тест жауаптары тексеріледі, қорытынды баға қойылады.
Үй тапсырмасы
- Ертегіні мазмұндау.
- Ертегіні әрі қарай өз ойыңмен жалғастырып көр.