Әміре Қашаубаев кім

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы — «Жазғытұры».

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнын ұғындыру; көктем мезгілінің ерекшеліктерін таныту.

Тілді дамыту: өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, ойды жүйелі баяндауға үйрету.

Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

Көрнекілігі

Слайд, видеопроектор.

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың құрылымы

Сабақ қазақтың ұлттық ойыны көкпар үлгісіндегі кезеңдер арқылы ұйымдастырылады. Бұл тәсіл оқушылардың белсенділігін арттырып, әр бөлімді нақты мақсатпен орындауға көмектеседі.

Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық, ынтымақтастық орта құру.

Өткенді қорыту

Тест тапсырмалары арқылы білімді бекіту.

Көкпар кезеңдері

  1. 1 Ширату — «Көзбен көр, сөзбен өр!» (білімді тексеру)
  2. 2 Іліп әкету — «Оқы да, ойыңа түй!» (өлеңмен жұмыс)
  3. 3 Қамшы басу — «Мәнін ұғын, түйінде!» (талдау, қорытынды ой)
  4. 4 Қазандық — «Тобықтай түйін» (топтастыру, жинақтау)

1-бөлім: Ширату — «Көзбен көр, сөзбен өр!»

Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру үшін тест тапсырмалары беріледі.

1-топ

  1. «Бұл адам емес» деген сөйлем қай мәтінде кездеседі? (нұсқалар: «Шал мен бала», «Мейірім», «Нағыз адам»)
  2. «Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындаған асау күй төгіледі» деген жолдарда кім туралы айтылған? (нұсқалар: Құрманғазы, Шәмші, Әміре)
  3. «Күзек» сөзінің мағынасы қандай? (нұсқалар: көктемгі егіс даласы; қойды күзде бағатын қоныс)

2-топ

  1. «Таза бұлақ» мәтінінің авторы кім? (нұсқалар: Б. Соқпақбаев, Ы. Алтынсарин, Ж. Кәрменов)
  2. Ән құдіреті туралы қай мәтінде айтылады? (нұсқалар: «Әке тәлімі», «Аққұс туралы аңыз», «Рәсім»)
  3. Әміре Қашаубаев кім? (нұсқалар: күйші, әнші, жазушы)

3-топ

  1. «Достық деген — ізгіліктің алаңы» деген жол қай өлеңнен алынған? (нұсқалар: «Ана», «Достық өлкесінің заңы», «Төрт ана»)
  2. Әбілхан Қастеев кім? (нұсқалар: сазгер, суретші, ғалым)
  3. «Кісідегінің кілті аспанда» деген мәтел қай мәтінде кездеседі? (нұсқалар: «Абай шаңырағы», «Сәкен аға», «Ақ шаш»)

Тест қорытындысында «Жазғытұры» сөзі шығады. Демек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы — Абайдың «Жазғытұры» өлеңі.

Жаңа сабақ: Автор туралы қысқаша мәлімет

Абай Құнанбайұлы — қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы. Ол — ағартушы, ақын, заман суреткері, аудармашы. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Ағартушы Ақын Аудармашы 45 қара сөз

2-бөлім: Іліп әкету — «Оқы да, ойыңа түй!»

Өлеңмен жұмыс

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
  • Рөлдегі оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.

1-топ

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2-топ

Өлеңдегі көктемгі тіршілікті сипаттайды.

3-топ

Жануарлардың көктемгі тіршілігі туралы баяндайды.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

3-бөлім: Қамшы басу — «Мәнін ұғын, түйінде!»

1-топ

Көктем — Ана тақырыбы бойынша ой қорытады.

2-топ

Көктем — Наурыз тақырыбын ашады.

3-топ

Көктем — Жеңіс тақырыбымен байланыстырып тұжырымдайды.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар смайлик таңдау арқылы өз көңіл күйін білдіреді және топтық тапсырмаларды орындайды.

1-топ

Өлең жолдарын негізге ала отырып, көктем көрінісін суретке түсіреді.

2-топ

Мақал-мәтелдерді жалғастырады:

  • «Сәуір болмай, тәуір болмас.»
  • «Сәуір келсе күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер.»

3-топ

Тұрақты тіркеске түсінік береді:

«Жазғытұрымғы жел жардай, атанды жығар.»

Жұмбақтар

  1. Ақ жібек асыл көрпедей, қыс болса жерді жабады. Жазғытұрым болғанда, су болып сайға ағады.

    Жауабы: қар

  2. Торғын көкте қара құс, ағылып ұшып барады. Қағып екі қанатын, күннің көзін жабады.

    Жауабы: бұлт

  3. Күн күледі, жер түледі.

    Жауабы: көктем

4-бөлім: Қазандық — «Тобықтай түйін»

«Көктем» ұғымын топтастыру арқылы сабақ қорытындыланады: табиғаттағы құбылыстар, еңбек, мереке және адам өміріндегі жаңару идеясы бір арнаға біріктіріледі.

«Көктем» сөзін топтастыру

Күн жылынады Құстар қайтып келеді Көктемгі еңбек басталады Егін егу Жер жырту Мал төлдейді Аналар мерекесі Наурыз мерекесі Ғарышкерлер күні Құстар күні Жеңіс күні Ұландар күні

Қорытынды

Бағалау

Топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, жауаптардың нақтылығы мен белсенділік бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • «Жазғытұры» өлеңін жаттау.
  • Көктем туралы шағын шығарма жазу.