Ц ц дыбысы мен әрпі Мақсаты:Білімділік

Сабақтың тақырыбы

Ц ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері

  • Ой қозғау
  • Топтастыру
  • Тізбектей оқу
  • Ойын
  • Шығармашылық тапсырма
  • Сурет арқылы сөйлем құрау
  • Кластер әдісі (сайқымазақ бейнесін құрастыру)

Көрнекіліктер

Суреттер, буындар, сөзжұмбақ, слайд, сайқымазақтың суреті, бейнеролик.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды Ц дыбысы мен әрпімен таныстыру, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ц дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы білімін жетілдіру, тілін дамыту және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сәлемдесу өлеңі:

    Қайырлы таң, досым!

    Қайырлы күн болсын!

    Біздің алар бағамыз

    Кіл бестіктер болсын!

  • Барлық тапсырманы орындасақ, сабақ соңында бір бейнені құрастырамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру (Щ дыбысы мен әрпі)

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

  • Щ дыбысы бар сөздерді айту.
  • Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу: щи, борщ, а-щы, тұ-щы, щет-ка.

Рөлге бөліп оқу

«Щеткалардың айтысы» мәтінін рөлге бөліп оқу.

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің бірінші бөлігін құрастыру.

III. Жаңа сабақ (Ц дыбысы мен әрпі)

Ой қозғау (сұрақ-жауап)

  • Ол жерде аңдардың ойындарын көруге болады.
  • Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
  • «Цирк» сөзінде неше дыбыс бар?
  • Ол қандай дыбыстар?
  • Бірінші дыбыс қандай?

Дұрыс. Бүгінгі сабақта Ц дыбысы және Ц әрпімен танысамыз. Ц дыбысы көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

Суретпен жұмыс (сөздерді қайталау)

цех цирк концерт цифр цемент цистерна

Теориялық мәлімет

  • Жазылуы: Цц
  • Баспа түрі: Ц ц
  • Дыбыс түрі: дауыссыз, қатаң

Буын құрастыру

Ц дыбысын дауыстылармен тіркестіріп айтамыз:

ца цо ци цу це цы

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің екінші бөлігін құрастыру.

IV. Оқулықпен жұмыс

1) Сөздерді оқу

  • цех
  • цирк
  • концерт
  • цифр

2) Суретпен жұмыс (сөйлем құрастыру)

Циркте сайқымазақ пен ит өнер көрсетті.

Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.

3) Бейнеролик

Тақырыпты бекіту үшін бейнеролик көрсету.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің оқуы.
  • Сұрақ-жауап жұмысы.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақтар

  • Циркте кімдердің, нелердің ойындарын көруге болады?
  • Саған қандай цирк ойыны ұнайды?

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің үшінші бөлігін құрастыру.

Дәптермен жұмыс

  • Ц әрпінің емлесімен танысу.
  • Ц әрпін жұмыс дәптеріне көркем жазу.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш — бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

Жеке жұмыс

Тапсырманы тез орындаған оқушыларға карточка таратылады. Карточкадағы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің төртінші бөлігін құрастыру.

Шығармашылық жұмыс

«Концерт» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.

Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би биледі. Балалардың өнері тамаша болды.

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің бесінші бөлігін құрастыру.

Сергіту сәті: «Қарлы кесек» ойыны

Соңғы дыбысқа сөз ойлау: айна, ағаш, шеге, етік.

Нәтиже

Сайқымазақ бейнесінің алтыншы бөлігін құрастыру.

V. Сабақты қорытындылау

Негізгі сұрақтар

  • Ц дыбысы қандай дыбыс? Ц — қатаң дауыссыз дыбыс.
  • Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Сөздің басында және ортасында.

«Кім тапқыр?» ойыны

Түсіп қалған әріптерді орнына қой:

...ирк кон...ерт ...ех ...емент а...ы тұ...ы ...етка бор...

Сөзжұмбақ

Сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шеш:

  1. Көру мүшесі.
  2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам.
  3. Циркке кім барды?
  4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.
  5. Құрылыс материалы.
  6. Сайқымазақ өнер көрсететін орын.
  7. Астың дәмін келтіретін тағам.

VI. Үйге тапсырма

Оқу

Ц ц дыбысы мен әрпін қайталап оқу.

Қорытынды

Сайқымазақтың сыйлығын үйлестіру (марапаттау/бағалау кезеңі).