Физикалық картадан көлдерді көрсету
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көлдер
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды өзен және көл ұғымдарымен таныстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуға үйрету; табиғи судың таралуы туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық ізденісін дамыту.
- Табиғатта су мол болғанымен, тұщы судың аз екенін ұғындырып, суды қорғауға бағытталған экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі
Жарыс сабақ.
Әдістері
Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Көрнекілігі
Қазақстанның физикалық картасы, өзендер мен көлдердің суреттері, Венн диаграммасы, тест тапсырмалары.
І. Бағалау–мотивациялық кезең
Топқа бөлу және бағалау
І топ
Су
ІІ топ
Бу
ІІІ топ
Мұз
Әр топқа бағалау парағы беріледі. Өткен тақырыптар бойынша білім пысықталады.
І топ (Су)
Жер асты суы қалай пайда болады?
ІІ топ (Бу)
Жер асты суының пайдасы қандай?
ІІІ топ (Мұз)
Табиғаттағы су айналымын түсіндір.
«Бәйге» сұрақтары
- Судың қандай қасиеттерін білесің?
- Табиғатта су неше күйде кездеседі?
- Жер асты суы дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?
- Құдық не үшін қазылады?
- Бұлақ қалай пайда болады?
ІІ. Операциялық–орындаушылық кезең
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.
| Сипаттама | Жауабы |
|---|---|
| Қатты қара түсті зат | Көмір |
| Қонақжай халық | Қазақ |
| Адамды адам еткен | Еңбек |
| Майлы, қоймалжың сұйық зат | Мұнай |
| Физикалық картада су қандай түспен боялған? | Көк |
| Тілсіз жау | Өрт |
| Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы | Жел |
Оқулықпен жұмыс: негізгі деректер
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер де кездеседі.
Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар. Ірі көлдер: Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл.
Жазық жердегі өзендер баяу ағады, ал тау өзендерінің ағысы қатты болады.
Өз өңірімізде де өзен-көлдер бар: Елек, Ырғыз, Ойыл, Жем және т.б.
Өлкетану: Елек өзені туралы
Елек өзені 47 разъезд маңындағы бұлақтан бастау алады.
Елек өзені Жайық өзеніне құяды, ал Жайық суы Каспий теңізіне бағытталады.
Елек өзені жағасында Кішкентай Алға қаласында
Оқып білім алудамыз,
Ата-ана, ұстаз арқасында.
Венн диаграммасы: өзен мен көл
Өзен
Жылғалар бір-бірімен қосылып өзен құрайды.
Ортақ белгі
- Екеуі де табиғи су нысандары.
- Физикалық картада көк түспен бейнеленеді.
- Тіршілік пен шаруашылық үшін маңызы зор.
Көл
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз.
Шығармашылық жұмыс
І топ
Өзеннің суретін салу.
ІІ топ
Көлдің суретін салу.
ІІІ топ
Өзен және көл туралы өлең құрастыру.
«Бәйге»: мақал-мәтелдер
- Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.
- Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.
- Өткелін білмесең, судан өтпе.
Жұмбақтар: өзендерді таны
Еліміздегі ең сулы өзен,
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор,
Табасың оны, ойлансаң, сезем.
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар.
Алады басын аласа таудан,
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан.
Нақтылау сұрақтары
Өзен туралы
- Өзен қалай пайда болады?
- Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
- Өзеннің сағасы деген не?
- Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Көл туралы
- Көл деген не?
- Көлдердің көлемі қандай болады?
- Көл суы қандай болады?
- Дүние жүзіндегі ең терең көл қайсы?
- Көл физикалық картада қалай бейнеленеді?
Картамен жұмыс
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу.
Физикалық картадан ірі көлдерді де көрсетейік.
Поэзия минуты
Оқушылар өзен және көл туралы өлеңдерді жатқа айтып береді.
ІІІ. Рефлексиялық–бағалау кезең
Тест тапсырмасы
5-сұрақ.
Құрлық бетіндегі ойыстарды алып жатқан су қалай аталады?
- A) Өзен
- Ә) Көл
- Б) Арық
Қорытынды ой
Су — тіршіліктің тамыры.
Су жоқ болса, тірлік тәмам, бауырым.
Судың маңызын біле тұра,
Көп болған соң қадірін ұмытып кетеміз.
Бүгінгі сабақтың түйіні — табиғаттағы судың молдығына қарамастан, тұщы судың шектеулі екенін түсініп, оны қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Үй тапсырмасы
Өзен және көлге сипаттама жазу (анықтамасы, ерекшелігі, картадағы бейнеленуі, Қазақстаннан мысалдар).