Шығарманың кейіпкері кім

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті

№4 орта мектебі (КММ)

Бастауыш сынып мұғалімі: Тажимова Дана Мейрбекқызы

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

«Сүт қалай ұйықтады?»

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Оқушылар мәтіндегі негізгі ой мен идеяны түсініп, мысалдың мазмұнын меңгереді. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қоя отырып, жан-жақты ойлауға дағдыланады.

Дамытушылығы

Дәлелді, жүйелі сөйлеуге үйренеді. Ой-өрісі, тіл байлығы және сөздік қоры дамиды.

Тәрбиелігі

Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты әрі батыл болуға тәрбиелейді.

Сабақтың әдістері

  • Талдау
  • Болжау әдісі
  • Топпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Сөзжұмбақ
  • Танымдық тапсырмалар
  • Сюжетті суреттер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабаққа дайындықты тексеріп, оқу құралдарын ретке келтіру.

2) Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымды,

Жылы-жылы сөзбенен,

Бір, екі, үш деп соғамын.

Жүрегімді сыйлайын,

Қарап тұрып көршіме,

Ыстық алақанымен,

Қолыңды бер, қысаңайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сипайын.

3) Оқушыларды топқа бөлу

I топ

Қаймақ

II топ

Айран

III топ

Йогурт

IV топ

Ірімшік

4) Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» ойыны

«Адам болам десеңіз» тарауы бойынша сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру. Дұрыс жауап берген топ мадақталып, «құрттармен» ынталандырылады.

  • Біз өткен сабақта қандай жаман қасиеттен аулақ болу керектігін білдік?
  • Қандай жаман әдеттерді атай аламыз?
  • Шығарманың авторы кім? Автор туралы не білеміз?
  • Шығарманың кейіпкері кім?
  • Керім қандай бала?
  • Неліктен оның денесіне жара шықты?
  • «Салақтық» сөзін қалай түсінесің?
  • Керімге қандай кеңес берер едің?

II. Мағынаны ашу

а) Жаңылтпаш

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Бүгінгі сабақта ұйқышылдық пен салақтық сияқты жаман әдеттер туралы сөз қозғалады.

ә) Сөзжұмбақ (жауабы: «Сүт»)

  1. Төрт түліктің бірі не?
  2. Дорбаға құйылған айран не болады?
  3. Сөреге кептіріп жайған не?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырып: «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісі.

Сұрақ

Бұл ертегіні жазған кім?

Жауап

Оспанхан Әубәкіров

Автор туралы

  • Оспанхан Әубәкіров (1934–1986)
  • Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген
  • Әзіл-сықақ жанрының шебері

Оқулықпен жұмыс

Ертегі мәтіні топтарға бөлініп беріледі. Әр топ өз бөлігі бойынша мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді және әрі қарай оқиға желісін болжайды.

I топ

Қаймақ

Мәтін бөлігі

Сүт бір күн ұйықтапты.

Қатты ұйықтапты.

Ұйықтағаны соншалық — ұйып қалыпты.

«Ойбай, сүт ұйықтап қалыпты!» —

деп, ел-жұрт қайран қалыпты.

Қарап отырса, айран болыпты.

Талқылау сұрақтары

  • «Ұйып қалыпты» дегеніміз не?
  • «Ұйықтап қалыпты» дегенді қалай түсінесің?

II топ

Айран

Мәтін бөлігі

Сүт ұйқысын қоя алмапты,

айқайлап жатса да оянбапты.

Берекесі мүлдем қашыпты:

айран болу оңай ма — бықсырып тұрып ашыпты.

Ашыған айран быжынып,

қазанға сыймай құтырыпты.

Талқылау сұрақтары

  • Ұйқы бізге дос па, дұшпан ба?
  • Оқиға әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?

III топ

Йогурт

Мәтін бөлігі

Апталап жатса да оянбапты.

«Ұйқы — дұшпан» деген ғой,

сүт бір күні іріп қалыпты.

Сүттің мұндай қылығын

әжем ғана біліп қалыпты.

Не дерін білмей тұрып қалыпты:

«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты!» — депті де,

айранды бір дорбаға құя салыпты.

Талқылау сұрақтары

  • Әжесі іріген сүтті не істейді деп ойлайсың?
  • Дорбаға құюдың себебі қандай?

IV топ

Ірімшік

Мәтін бөлігі

Сүт сонда ғана оянып,

еңіреп тұрып жылапты.

Көзінің жасын бұлапты.

Бәлкім, жұрттың өсегі —

кешегі әңгіменің көбі ғой.

Дорбадан аққан сары су

«Сүттің көз жасы» деседі.

Ертегіге сыяды-ау!

Әй, дегенмен, балалар,

көп ұйықтаған — зиян-ақ.

Талқылау сұрақтары

  • Әжеміз быжынаған айранды дорбаға неге құйды?
  • Дорбадан не ақты?
  • Сары судың пайдасы бар ма?
  • Қалтадағы сүзбеден не жасайды?
  • Көп ұйықтау неліктен зиян?