Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер

Сабақтың тақырыбы

10 санының құрамы

Сабақтың мақсаты

  • 1

    10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу; 10-нан кем кез келген санды 10-ға дейін толықтыру; 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды және оған кері азайту амалдарын құрастыру.

  • 2

    Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу дағдыларын дамыту; жұпта және топта жұмыс істеуге үйрету.

  • 3

    Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру, бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат-сабақ: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Ертегі кейіпкерлері арқылы тапсырма орындау, ойын әдістері, «миға шабуыл».

Негізгі ұғым

10 санының құрамы: қосынды құрастыру және оған кері азайту амалын табу.

Сабақтың барысы

Сабақ ертегілер әлеміне саяхат түрінде өтеді. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы мысыққа көмектеседі.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік, сыныптың назарын шоғырландыру.

Оқушылардың хоры

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең «бестік» аламыз.

Мұғалімнің сөзі

Бір, екі, үш —

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Ертегі желісі: «Мақта қыз бен мысық»

— Қандай ертегілер естеріңе түседі? Бүгін біз өткен сауат ашу сабағында оқыған «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне қайта ораламыз.

Мақта қыз бен мысық дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп мейіз тауып алып, мысықты шақырады. Мысық келмеген соң, қыз мейізді өзі жеп қояды. Кейін мысық келіп: «Неге шақырдың?» — деп сұрайды. Мақта қыз айтпай қояды.

Сонда мысық: «Ендеше қатығыңды төгемін», — дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», — деп жауап береді. Мысық қатықты төгеді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық: «Мақта қыз, құйрығымды берші», — дейді. Мақта қыз: «Қатығымды қайтарсаң, құйрығыңды беремін», — деп шарт қояды.

Енді мысық бізден көмек сұрайды. Құйрығын қайта алу үшін тапсырмаларды бірге орындайық.

Сәт сапар, достар!

2) Миға шабуыл

Сиырдың тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны.

  1. 1. 0–10 аралығындағы сандар қатарын ата.

  2. 2. 1–10 дейінгі сандарды тура және кері сана.

  3. 3. Қосудың компоненттерін ата.

  4. 4. Азайтудың компоненттерін ата.

  5. 5. Санға 0-ді қосу және саннан 0-ді азайтудың ережесін айт.

  6. 6. 2 санының құрамын анықта.

  7. 7. 3 санының құрамын анықта.

  8. 8. 4 санының құрамын анықта.

  9. 9. 5 санының құрамын анықта.

  10. 10. 6 санының құрамын анықта.

  11. 11. 7 санының құрамын анықта.

  12. 12. 8 санының құрамын анықта.

  13. 13. 9 санының құрамын анықта.