Өлеңнің атауын түсіну
Ш. Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңі (6-сынып)
Бұл сабақ жоспары оқушылардың өлең мазмұнын терең түсінуіне, негізгі ойды анықтауына және мәтін құрылымын жүйелі талдауына бағытталған.
Жалпы мақсат
Өлеңнің мазмұнын және негізгі ойын түсіну.
Оқу нәтижелері
- Өлеңнің мазмұны мен құрылымын талдайды.
- «Борыш» ұғымының мағынасын ашып, түсіндіре алады.
Сілтеме
«Қазақ әдебиеті», 6-сынып оқулығы.
Сабақ барысы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сергіту сәтіИнтербелсенді тақтадағы бейнежазбаны көріп, қимыл-қозғалысты (биді) бірге қайталайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Топтық жұмыс- 1 Санау арқылы үш топқа бөлу (жұп сан / тақ сан тәсілі).
- 2 Топ басшысын сайлау, бағалау парақшаларын тарату.
Білу
Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі».
Түсіну
Жаңа сабақта оқушылар өлеңді алдымен өздері оқиды, кейін мазмұны мен құрылымына талдау жасайды.
Өлеңді талдау өлшемдері
Қолдану
Сұрақ-талқылау
- Өлең неге «Адамдық борышың» деп аталған?
- Өзіңде қандай борыш бар деп ойлайсың?
Күтілетін әрекет
Оқушылар алған білімін нақты өмірлік мысалдармен байланыстырып, «борыш» ұғымын өз пайымымен дәлелдейді.
Талдау
Өлеңде айтылған ойды Абай шығармаларымен байланыстыра отырып талдау ұсынылады. Тақырыбы мен түйінді ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың келесі өлеңдерімен үндеседі:
Тапсырма
Кесте арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеп көрсетіңдер (тақырып, идея, үндеу, негізгі тұжырым).