Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін, барысын және нәтижесін түсіндіру.
- Ерлікке, елін-жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.
- Қозғалыстың тарихи маңызын және қорытындыларын ашып көрсету.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың формасы
Ұжымдық, топтық
Сабақтың тәсілдері
Мазмұндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Карта, бүктеме, топтамалар
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу және түгендеу.
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Назарды жаңа сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауаптарды талдау.
3) Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабақтың негізгі міндеттері мен күтілетін нәтижелерін қысқаша түсіндіру.
4) Жаңа материалды түсіндіру
Сабақ жоспары
- 1 Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
- 2 Торғайдағы көтеріліс орталығы
- 3 Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі — Жетісу өңірі. Орасан зор аймақты халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды. Көтеріліске шыққан жұрттың қалауымен қозғалысты әр өңірде танымал тұлғалар басқарды.
Көтеріліс жетекшілері (Жетісу)
- Бекболат Әшекеев (болыс)
- Тоқаш Бокин (Верный уезі)
- Жәмеңке Мәмбетов (Қарқара)
- Ұзақ Саурықов (Қарқара)
- Ақкөз Қосанов (Меркі, Құрақты болысы)
Торғайдағы көтеріліс орталығы
1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында болды. Бұл өңірде қазақ шаруаларының күресі ерекше табанды сипат алып, ұзаққа созылды. Белгілі бір кезеңде билік көтерілісшілер қолына өтті.
Басшылық құрылымы
Көтерілісшілер Нияз бидің немересі Әбділғафар Жанбосыновты хан етіп, ал Амангелдіні сардарбек етіп сайлады.
Қатысушылар саны
20 000-ға дейін
Қорытындылар, жеңілу себептері және тарихи маңызы
Қозғалыстың сипаты
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империализмге және отаршылдыққа қарсы бағытталды.
Жеңілу себептері
- Қозғалыстың бытыраңқылығы және ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
- Өңірлер арасындағы байланыстың тұрақты болмауы.
- Ұлттық-демократиялық зиялылар арасында да бірліктің болмауы.
Тарихи маңызы
- Қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскенін көрсетті.
- Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер және басқару аппараты қалыптасты.
- 1916 жылғы көтеріліс ХХ ғасырдың соңында қазақ халқы қол жеткізген саяси тәуелсіздік пен ұлттық мемлекеттілік үшін күрестің маңызды белесі ретінде тарихта өз орнын алды.
5) Жаңа білімді тексеру
- 1 Жетісу мен Торғай орталықтарындағы оқиғаларды салыстырып сипаттаңдар.
- 2 Патша өкіметінің көтерілісшілерге қарсы күрес тәсілдері мен жазалау шараларына баға беріңдер.
- 3 1916 жылғы қозғалыстың тарихи маңызы неде?
- 4 Көтеріліс жетекшілері туралы не білесіңдер?
6) Сабақты бекіту
Тапсырма 1
Негізгі ұғымдар мен даталарды жазу.
Тапсырма 2
Картамен жұмыс.
Тапсырма 3
Тарауға берілген қорытындыны оқып, талдау.
Кестені толтыру
| Бөлім | Басшылары | Негізгі оқиғалар | Патша өкіметінің қолданған шаралары | Нәтижесі |
|---|---|---|---|---|
| Жетісу орталығы | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
| Торғай орталығы | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
Кестемен жұмыс
| Қорытындылары | Жеңілу себептері | Тарихи маңызы |
|---|---|---|
| Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
Әдебиетпен байланыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ-кеңес әдебиеті классиктерінің қай шығармаларында суреттелгенін анықтаңдар.
| Реті | Автор | Шығарманың аты | Жылы |
|---|---|---|---|
| 1 | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
Қосымша тапсырма
Анаграмма шешу.
7) Үйге тапсырма
- 2-тақырыпты оқу.
- 3 және 4-сұрақтарға жауап беру.