Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру
«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: К.С. Чыкаева
Тақырып
Бүгінгі шәкірт — көгершін, болашағың көгерсін!
Мақсаты
- 1 Білімнің қайнар көзі мен бастау бұлағы бастауыштан басталатынын ұғындыру.
- 2 Оқушылардың білімге, өнерге қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын және ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.
- 3 Алғаш білім есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп, аманаттап табыстау.
Өтілу барысы
Жүргізуші: Кіріспе сөз
Бұл оқу тамақ болар қарын ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең — білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда.— Міржақып Дулатұлы
Ақын айтқандай, тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің ақыл-ойы толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренді. Бүгін 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтетін «Бүгінгі шәкірт — көгершін, болашағың көгерсін!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.
Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп танып, бастауыш білімін аяқтап, орта буынға қадам басқалы отыр.
Мұғалімнің құттықтауы
Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат.
Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Оқушылар таныстырылымы
Ерасыл
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Ерасыл біздің әрқашан
Күлімсіреп жүреді.
Қуаныш
Ертеңгі күнін ойлайтын,
«Бес алам» деп қалмайтын.
Қуаныш біздің қашанда
Жалқаулыққа бармайтын.
Дамир
Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан сынып та.
Дамир — өнегелі, өнерлі,
Достары арасында беделді.
Хормен
Құрбыласпыз, тұрғыласпыз — үшеуміз,
Биікке самғар қыранбыз.
Сәлемдесу және алғыс
Қуаныш
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма,
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім — жырларым,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Ерасыл
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Дамир
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңізден бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Қуаныш
Армысың сен, алтын ұя мектебім!
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Төрт жыл — бір белес
Ерасыл
Осыдан төрт жыл бұрын біз алты жастағы сәби едік: сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.
Қуаныш
Енді міне, сауатымыз ашылып, білімнің негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Дамир
Сағымдай өте шыққан төрт жыл ішінде ұстаз-анамыз бізді сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп тәрбиеледі. Бізді бастауышта оқытқан Жанар апай мен Назерке апайға алғысымыз шексіз.
Қуаныш
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Дамир
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға ерте көне алмадық, көнбедік.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін меңгердік.
Ерасыл
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпінен бастадым.
Ұстазым, естен кетпес мәңгілікке —
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Көрініс: Ұстазға тағзым
Жүргізуші
Ақырын жүріп, анық бас —
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.— Абай
Алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан жан — ұстаз. Ендеше, балалардың ұстазға арнаған ән-жырын тыңдайық.
Қуаныш
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім — мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ерасыл
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, еңбек адамы да, көкті шарлаған ғарышкер де — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Дамир
Бауыржан Момышұлы: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген.
Жүргізуші
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Бәрі
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Көрініс: «Мектеп — білім кемесі»
Мектеп — білім кемесі,
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақжарқын сәлем бересіз.
Шақырып едік, келдіңіз —
Сөз кезегін береміз.
Сөз кезегі
Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мектеп директоры
Е. А. Маткаримов
Слайд
«4 жыл бірге…»
Қорытынды сөз: 4-сынып жетекшісі
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік — шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жанымды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Қорытынды
Осымен 4-сынып оқушыларының «Бүгінгі шәкірт — көгершін, болашағың көгерсін!» атты бастауышпен қоштасу кеші аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!