Сен қандай сүт өнімдерін білесің

Сабақ жоспары

Тақырып: «Түскі ас»

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі

Білім мен іскерлікті қалыптастыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың сөздік қорын молайту.
  • Шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру.
  • Түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.

Тәрбиелік

Денсаулықтың кепілі — дұрыс тамақтану. Оқушыларды тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

Дамытушылық

Мәтін мен мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар

Суреттер, оқулық, жеке тапсырмалар.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    2–4 минут

    Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    Кезекшімен қысқа диалог

    • Сен қандай сүт өнімдерін білесің?
    • Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    5–7 минут

    Сөздер мен ережені қайталау: зат есімнің септелуі.

  3. 3) Сөздікпен жұмыс

    8–10 минут

    Жаңа сөздер

    Ас мәзірі
    меню
    Қою тамақ
    вторые блюда
    Сұйық тамақ
    первые блюда
    Сусын
    напитки
    Түскі
    обеденный

    Қосымша сөздер

    Әртүрлі
    разнообразная
    Қабылданады
    принимается
    Болуға тиісті
    должен быть
    Палау
    плов
    Мәнті
    манты
    Шырын
    сок
    Ас ішер алдында
    перед едой
    Асықпай
    не торопясь

    Тапсырма

    Берілген сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

  4. 4) Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс

    12–15 минут

    Мәтін: «Түскі ас»

    Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады.

    Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.

    Ас мәзірі мынадай болуы тиіс: сұйық тағамға — борщ немесе салма, қою тағамға — палау немесе мәнті, сусындардан — бір стақан сүт, шай немесе кофе.

    Оқу әрекеті

    • Мәтінді түсініп оқу.
    • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
    • Сөздерді сөз құрамына талдау.

    Талқылау сұрағы

    Балалар, тамақтанудың қандай ережелері бар?

    Тамақтану ережелері

    1. Өз уақытында тамақтану керек.
    2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.
    3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
    4. Тағамды асықпай жеу керек.
    5. Тамақты көп жемеу керек.
  5. 5) Бекіту

    10–12 минут

    Ауызша жұмыс (жұппен)

    Мысал: Бауырсақ — ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.

    Сұрақтар

    • Барыс септіктің сұрақтары қандай?
    • Жалғаулары қандай?
    • Қалай жалғанады?

    Тағам құрамы бойынша сұрақ-жауап

    • Борщ неден жасалады? Еттен, сорпадан, орамжапырақтан, пияздан, картоптан, қызанақ пастасынан жасалады.
    • Мәнті неден жасалады? Еттен, пияздан, сарымсақтан, тұздан, ұннан жасалады.

    Жеке тапсырмалар

    Тапсырма 1

    • Сұрақ: Сен түскі асты қайдан ішесің?
    • Жауап: Үйден.
    • Сұрақ: Түскі ас мәзірі неден тұрады?
    • Жауап: Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.

    Тапсырма 2

    Мақалды түсіндіріп, аудар.

    Тату үйдің тамағы тәтті.

    В дружной семье и еда вкусная.

    Тапсырма 3

    Мақалды түсіндіріп, аудар.

    Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады.

    тоқ
    сытый
    аш
    голодный
    ұйқы
    сон
    басады
    одолевает
    қашады
    убегает

    Сытого человека сон одолевает, от голодного человека сон убегает.

    Тапсырма 4

    Мақалды түсіндіріп, аудар.

    Асы бар аяқтан аттама.

    Керекті сөз: аяқтан — синонимі: ыдыстан

    Не переступай посуду с едой.

    Тапсырма 5

    Мақалды түсіндіріп, аудар. Мақалдарды тақтаға жаз.

    Жаманнан жарты қасық ас қалар.

    Керекті сөздер: жаманнан — синонимі: жаман адамнан; қалар — остается

    От плохого человека остается пол ложки еды.

    Қорытынды ой

    Қорыта айтқанда, біз денсаулығымыз туралы көбірек ойлауымыз керек. Ұрпағымыздың азып-тозып кетпеуі үшін де, әлсіздікке бой алдырмау үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт.

    Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулыққа тікелей әсер ететін маңызды нәрсе — дұрыс тамақтану: жеміс-жидекті көбірек тұтыну, дәріден гөрі дәруменге (витаминдерге) мән беру, әсіресе табиғи өнімдерді таңдауға дағдылану.

  6. 6) Бағалау

    2–3 минут

    Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

  7. 7) Үй тапсырмасы

    1–2 минут
    • Септіктерді қайталау.
    • Жаңа сөздерді жаттау.
    • «Түскі ас» мәтінін мазмұндау.
    • Мақал-мәтелдерді есте сақтау.