Парақшаларда жазылған тапсырмалар бойынша орындау

Бастауыш сынып. Ана тілі пәні

Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып оқушыларына заттың қимылын білдіретін сөздерді (етістіктерді) тануды үйретуге бағытталған. Негізгі тақырып: «Не қылды? Қайтті?» сұрақтарына жауап беретін сөздер. Тірек мәтін: «Ара адамды неге шағады?»

Мұғалім: Жаннат Сандибаева

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Жаттығу арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді тез табуға үйрету.
  • Сөздерге дұрыс сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.
  • Тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өткенді еске түсіру.

Дамытушылық

  • Сауатты, көркем жазуға баулу.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
  • Шығармашылық тапсырмаларға қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Тест парақшалары
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық жүргізу.

Психологиялық кезең (өлең):

Күннен, жерден нәр алған,

Біз — өмірдің гүліміз.

Сәрсенбінің сәтінде,

Сәтті болсын күніміз.

II

Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — заттың қимылын білдіретін сөздер. Оқушылар «Не қылды? Қайтті?» сұрақтарын қою арқылы етістікті табуды үйренеді.

III

Үй тапсырмасын тексеру

  • «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жатқа сұрау.
  • Талқылау: «Оқу не үшін қажет?»

Жаңа сабаққа дайындық

Көркем жазу

Әріптер: Гг, Ее, Жж, Зз

Тапсырма: осы әріптерден басталатын сөздермен сөйлем құрау.

Үлгі: Гүл өсті.

Өз бетімен жұмыс

  • Заттың атын білдіретін сөздерді табу.
  • Тасымал ережесін еске түсіру.
  • Сөйлем құрау.

Кім?

апа, аға, оқушы

Не?

парта, оқулық

Ереже (тірек ой)

Заттың қимылын білдіретін сөздерге «Не қылды? Қайтті?» сұрақтары қойылады.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Сұрақ қою Етістікті табу
IV

Жаңа сабақ

  • 249-жаттығу: «Ара адамды неге шағады?» мәтінін оқу және түсіндіру.
  • Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
V

Топпен жұмыс

Қарамен жазылған сөздерге тиісті сұрақ қою (Не қылды? Қайтті?).

Балалар ойнады.

Жаңбыр жауды.

Жапырақтар сарғайды.

Әсел оқыды.

VI

Бекіту

Жаттығулар арқылы жаңа білімді бекіту.

250-жаттығу

Орындары ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру:

  • Сәуле гүлге су құйды.
  • Ол гүлді баптады.
  • Жаңбыр толассыз жауды.

251-жаттығу

Суреттегі гүл атауларын тауып жазу.

VII

Шығармашылық жұмыс

Бес жолды өлең (синквейн) құрастыру.

Оқушы шығармашылығы

Ара

Балды жақсы көресің.

Балыңнан да бересің.

Кейде жөніңе де жүрмей,

Адамға да төнесің.

Ашуың не адамға?

Қуанышқали Илияс

VIII

Өз бетімен жұмыс

Парақшаларда берілген тапсырмаларды орындау.

IX

Қорытынды: тест жұмысы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін қысқа тест арқылы тексеру.

  1. 1) «Жадыра далаға шықты.»

  2. 2) «Ара …»

  3. 3) «Сабақ ерте басталды.»

  4. 4) Тиісті жалғауды қой: «Құс… ұшып келді.»

  5. 5) «Атам бақшада серуендеді.» — «Атам» сөзіне сұрақ:

  6. 6) «Қайтеді?» сұрағына жауап беретін сөзді тап: «Шошқа …»

X

Үй тапсырмасы

  • «Ара адамды неге шағады?» мәтінін мазмұндау.
  • Тақырып бойынша өз бетімен тест дайындау.

Сабақ соңында оқушылардың жұмысы мадақталып, нәтижесі бойынша бағаланады.