Сәйкестендіру кестесі

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Visual Basic-те бағдарламалау негіздері

Сабақтың түрі

Практикалық-ізденіс сабағы

Сабақтың мақсаты

Visual Basic бағдарламасында шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Activote
  • Visual Basic 6.0
  • Компьютер
  • Локалды желі

Көрнекіліктер

Флипчарт Тест Практикалық тапсырмалар Сәйкестендіру кестесі

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Объектілі-бағдарланған бағдарламалау бойынша алған білімдерін жүйелеу және саралау.

Дамытушылық

Әр оқушының сабаққа деген ынтасы мен қабілетін ұштастырып, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік

Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ояту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Тест алу Практикалық тапсырма орындау СКТ Сәйкестендіру кестесін толтыру

Сабақ барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу жүргізіп, назарын сабаққа аудару.

    Тәрбиелік кіріспе ой

    Тәуелсіз ел болу — кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды айқын таныту; өзіңнің өзгелермен тең екеніңді сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеу.

    Тәуелсіздік — мағынасы терең, тамыры берік ұғым. Біз оған миллиондаған адамның құрбандығы арқылы қол жеткіздік. Бодандық бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдап соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы атты. Ол жарқын болашаққа жол ашты — біз сол жолмен алға баса береміз.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    1-тапсырма: Тест (Activote арқылы)

    1. 1) Қандай мәзір арқылы қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болады?

      A) Edit    B) File    C) View

    2. 2) Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір

      A) Edit    B) Format    C) Project

    3. 3) Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір

      A) Run    B) File    C) Tools

    4. 4) Мәтіндік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент

      A) Pointer    B) Frame    C) Label

    5. 5) Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент

      A) Pointer    B) CheckBox    C) ComboBox

    6. 6) Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент

      A) PictureBox    B) Shape    C) Image

    7. 7) Формаға графиктік өріс шығаратын компонент

      A) PictureBox    B) Shape    C) Image

    8. 8) Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент

      A) Timer    B) OLE    C) Shape

    9. 9) Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

      A) Line    B) Data    C) Shape

    10. 10) Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент

      A) Data    B) Timer    C) OLE

    Өлең жолдары

    Бүгін, міне, Тәуелсіздік, ағайын,
    Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
    Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
    Кеңейттім кең әлемге керегемді.

    2-тапсырма: Кесте толтыру

    Дұрыс жауапты тышқанмен шерту арқылы белгілеңіз. Қасиеттер терезесі арқылы орнатуға болатын қатарды көрсетіңіз.

    Сипаттама Қасиет (Property)
    Басқару компонентінің жазбасы Caption
    Объектінің биіктігі Height
    Объектінің ені Width
    Көрсетілген мәтіннің қаріп сипаттамалары Font
    Форманы жасыру немесе көрінетін ету Visible

    Қасиеттер: Height, Width, Caption, Visible, Font

  3. III. Практикалық жұмыстар

    Оқушылар компьютерлерінде орнатылған Visual Basic ортасында тәуелсіздік тақырыбына байланысты практикалық жұмыстар орындайды.

    1-деңгей

    Тақырыбы

    Check басқару элементімен жұмыс

    Тапсырма

    Ұлттық рәміз туралы бағдарлама құру

    Мақсаты

    Мәтінмен жұмыс істеуді меңгеру

    2-деңгей

    Тақырыбы

    ListBox басқару элементімен жұмыс

    Тапсырма

    Тәуелсіз жылдар тізімі қосымшасын құру

    Мақсаты

    ListBox компонентін қолдануды үйрену

    3-деңгей

    Тақырыбы

    Графикалық объект құру

    Мақсаты

    Қарапайым графикалық объектілерді құруды үйрену

    Құттықтау жыры

    Орыс, қазақ, неміс, татар — бар ұлтым,
    Кең аймақты, қазыналы туған жер.
    Ақ көңілді, ашық-жарқын ел жұртым,
    Құшағыңа қиыншылық алған жер.

    Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
    Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
    Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атынан,
    Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.

  4. IV. Бекіту

    1) СКТ технологиясы

    Оқушылар практикалық тапсырмаларында қолданған басқару компоненттерін Сатылай кешенді талдау (СКТ) технологиясы бойынша талдайды.

    СКТ құрылымы

    1. 1. Анықтама
    2. 2. Тану
      1. 2.1. Жазылуы
      2. 2.2. Оқылуы
      3. 2.3. Мағынасы
    3. 3. Қасиеттері (а, б, ...)

    2) Сәйкестендіру кестесі

    Оқушылар басқару компоненттерінің атауларын тиісті орындарға сәйкестендіріп орналастырады.

    Нәтиже

    Сәйкестендіру кестесі толтырылады және жауаптар талқыланады.

  5. V. Үйге тапсырма

    «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша Visual Basic ортасында жел қондырғысы жобасының бағдарламасын құрып келу.

  6. VI. Бағалау

    Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау деңгейі мен дәлдігіне сәйкес бағаланады.

  7. VII. Қорытынды

    Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі — Тайкенов Дархан Есенбайұлы.