Балаларына арнаған өлеңдері
Поэзия кеші туралы
Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» поэзия кеші – оқушы жүрегіне асыл сөздің нұрын ұялатуды мақсат еткен рухани басқосу.
Кештің мақсаты
Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні
Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын оқып, әндерін орындау арқылы өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық бағыты
Мәнерлеп оқу дағдысын шыңдау, рухани-танымдық көкжиегін кеңейту.
Көрнекіліктер
-
1) Мұқағалидың суреті
-
2) Анасының суреті
-
3) Ақынның жарының суреті
-
4) Ақынның балаларының фотолары
Дәйек сөз
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата-баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
Кеш бағдарламасының өзегі
1) Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу
«Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық».
2) Балаларына арналған жырлар
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
3) Өлеңдеріне жазылған әндер
«Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!»
4) Қорытынды ой
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Кеш соңында ән орындап, мәнерлеп оқыған оқушылар марапатталады.
Жүргізуші сөзі: кештің ашылуы
Армысыздар, құрметті халайық! Ұстаздар мен оқушылар, қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер!
«Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден».
Ақын биыл тірі болса, ақпан айының тоғызы күні 81 жасқа толар еді.
Ақынның өмір жолына қысқаша шолу
Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген соң ауыл хатшысы, қызыл отау меңгерушісі болып, комсомол комитетінде қызмет атқарды. 1949 жылы Лашын апамызбен шаңырақ көтеріп, отбасын құрды. Дүниеге Алмагүл, Шолпан атты қыздары, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, ақынның қабырғасын қайыстырды.
1954–1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болды. 1962–1972 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1972–1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында шығатын «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілікті, өмірге құштарлықты жырлайды. Көптеген өлеңдеріне ән жазылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақын 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
«Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып, сағындырып біздерді,
Хантәңірідей биіктеп сен барасың».
Кеш барысы: өлеңдер мен оқушылар
Мәнерлеп оқу
-
«Арыз жазып кетейін»
Қайрат, 7 «А» сыныбы
-
«Поэзия»
Үкілім, 7 «А» сыныбы
-
«Жазылар естеліктер мен туралы»
Шынтас Фариза, 6 «Б» сыныбы
-
«Шеше, сен бақыттысың»
Смадияр Айша, 5-сынып
Ақын түсінде анасының ақ жаулықпен, Абай атамыздың қасынан қуана басып келе жатқанын көреді. Оянғанда бұл тек түс екенін түсінеді. Сол тебіреністен кейін «Шеше, сен бақыттысың» өлең жолдары дүниеге келеді.
Өлеңдер шеруі
Мұқағали қазынасы – өлең, досы да – өлең. Кеш барысында ақынның әр қырын танытатын жырлар кезекпен оқылады.
-
«Автограф»
Гүлзат, 6 «Б» сыныбы
-
«Мен таулықпын»
Шәкәрім, 6 «А» сыныбы
-
«Махамбеттер, Абайлар»
Фариза, 6 «А» сыныбы
-
«Әй, өмір»
Зарина, 6 «Б» сыныбы
-
«Қара өлең»
Құндыз, 6 «А» сыныбы
-
«Жүрек арызы»
Фариза, 11-сынып
-
«Пай-пай өмір»
Гүлбақыт, 5 «А» сыныбы
-
«Күрсінбеші»
Жалғасбек, 6 «А» сыныбы
-
«Барлығы да сендердікі»
Айжан, 5 «Б» сыныбы
-
«Өмір жайлы»
Абылай, 5 «Б» сыныбы
-
«Әке, әкеме»
Самал, 5 «А» сыныбы
-
«Ей, өлең»
Ирина, 6 «Б» сыныбы
-
«Елім барда»
Салтанат, 6 «Б» сыныбы
-
«Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен»
Зарина, 6 «Б» сыныбы
-
«Менің мақсатым»
Айдана, 7 «Б» сыныбы
-
«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»
Нұртуған, 5 «Б» сыныбы
-
«Үш бақытым»
Гүлнұр, Қыдырәлі, Азиза (4-сынып)
-
«Шыда, шыда»
Қайрат, 7-сынып
-
«Қарасаз»
Нұртуған, 6-сынып
-
«Жырласам ба екен?»
Гүлжайна, 7-сынып
-
«Жастық»
Бейбарыс, 7-сынып
-
«Ажалға»
Абай, 7-сынып
-
«Өзгереді»
Нұрлыбек, 8-сынып
-
«Дәрігерге»
Асқар, 9-сынып
-
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан эпилог
Нұртуған, 8-сынып
-
«Халыққа хат»
Асылан, 7-сынып
Балаларға арналған жырлар
Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін, бала бағуға да, күтуге де шебер жан болған. Төрт перзентін жанынан бетер жақсы көріп, олардың маңдайынан шертпей өтті.
-
«Майгүлге» (1-өлең, 2-өлең)
Гүлзина мен Лида, 7 «Б» сыныбы
-
«Майгүлге»
Сансызбай Ақбота, 5 «А» сыныбы
-
«Шолпаным»
Айдана, 5 «А» сыныбы
-
«Ұлыма»
Жамбыл Ерқанат, 5 «Б» сыныбы
-
«Арманда, ұлым»
Гүлзат, 6 «Б» сыныбы
Махаббат лирикасы
Махаббат тақырыбы – мәңгілік. Бірақ әр ақын сезімді әрқалай жеткізеді. Мұқағали жырларында жасандылық жоқ: қуаныш та бар, үміт те бар, өкініш те, күдік те бар.
«О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?!
Көзімнен ғайып болған күнім едің.
Гүлім едің, елтіген түнім едің.
О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?»
-
«Махаббат диалогы»
Құнан мен Назерке, 6-сынып
-
«Ғашықпын»
Салтанат, 7 «Б» сыныбы
-
«Мен сені сағынғанда»
Назерке, 6-сынып
Ән мен өлең үндестігі
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екені анықталған. Өлеңдеріне 100-ден астам ән жазылып, халықтың қуанышы мен қайғысын бөлісер жан серігіне айналды.
Көп орындалатын әндер
- «Есіме мен алғайсың»
- «Күрең күз»
- «Сәби болғым келеді»
- «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
- «Тоқта, балам! (Атаң келеді артыңда)»
- «Саржайлау»
- «Фаризаға»
- «Дариға, домбыраңды берші маған»
- «Бала ғашық»
Кештегі ән орындаушылар
-
«Жарығым-ай»
Нағашыбай Нұржан мен Шәкәрім, 6 «А» сыныбы
-
«Көнеміз де»
Нұржан
-
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
Ералиева Мадина
-
«Құмған алған домбырада»
Жантөре Ақерке, 7 «Б» сыныбы
-
«Күрең күз»
Жұматай Тұрсынай, 9-сынып
-
«Құрманалы»
Жеңісбек, 11-сынып
-
«Сілтеу»
Ислам, 11-сынып
Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін.
Ұрпақ лебізі
Ақын мұрасы – мәңгілік. Маржан поэзия – болашақ ұрпақтың қастерлейтін қазынасы.
Бәрі бірге оқылады:
М – Мұқағалидың
Ұ – ұрпаққа
Қ – қалдырған
А – аманатын
Ғ – ғасырлар
А – арнасына
Л – лайық деп
И – иіліп, бас иеміз.
Қорытынды және марапаттау
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мақатаев жырлары бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, бойларындағы талантты шыңдауға дем болады деген сенім мол. Қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағайға беріледі. Кеш барысында мәнерлеп оқуда және ән орындауда ерекше көзге түскен оқушылар марапатталады.
Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау болыңыздар!
Дерек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 мектеп кітапханашысы – Қоңырбаева Закира Әбенқызы.