Монғол империясының құрылуы
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы
§21. Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақ түрі
Аралас
Әдістері
Түсіндіру, СТО, АКТ
Көрнекілігі
Суреттер, карталар, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды Моңғол империясының тарихымен таныстыру.
- Шыңғысханның қазақ жеріне жасаған шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын түсіндіру; басқыншыларға қарсы халық күресі және ұлыстардың құрылуы туралы ұғым қалыптастыру.
- Жалпы ақпараттан негізгі мәселені ажырата білу үшін танымдық қабілеттерін дамыту; тарихтан сабақ алып, дұрыс қорытынды жасауға үйрету.
- Оқушыларды Отанды қорғауға, батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеру, түгелдеу.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Жоспар, хронология және талдау арқылы түсіндіру.
IV. Бекіту
Топтық тапсырмалар, ой қорыту стратегиялары.
V. Бағалау
Топ жетекшілері мен мұғалімнің қорытынды бағалауы.
VI. Үйге тапсырма
§22. Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Үй тапсырмасын тексеру: қайталау сұрақтары
- Әбу Насыр әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
- Әбу Райхан әл-Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
- Махмұд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
- «Құтты білік» кітабы несімен ерекшеленді?
- Қожа Ахмет Иасауидің әулиелігі неде?
- Сопылықты қалай түсінесіңдер?
Жаңа сабақтың жоспары
-
1
Моңғол империясының құрылуы
-
2
Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
-
3
Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
-
4
Жаулап алудың зардаптары
-
5
Ұлыстардың құрылуы
1) Моңғол мемлекетінің құрылуы: хронологиялық талдау
1155 ж. (1162 ж.)
Темүжіннің дүниеге келуі
1171 ж.
Әкесі Есугейдің қаза табуы
1184 ж.
Темүжіннің моңғол тайпаларына билеуші болуы
1189–1206 жж.
Көрші тайпаларды бағындыру жорықтары
1206 ж.
Моңғол мемлекетінің құрылуы; Темүжіннің Шыңғысхан атануы
1207–1208 жж.
Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын бағындыру
1207–1209 жж.
Таңғұттар, Тұрфан кінәздіктері, ұйғырларды бағындыру
1211–1215 жж.
Қытайға жорықтар
2) Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
Бұл бөлімде Шыңғысхан дәуіріндегі басқару жүйесі, әскери-әкімшілік тәртіп және «Жасақ» заңдары арқылы қоғамды ұйымдастыру ерекшеліктері талданады.
3) Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы: хронологиялық талдау
1217 ж.
Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыру
1218 ж.
Жетісуға ену; Отырарға сауда керуенін жіберу
1219 ж.
150 мың әскердің Ертіс пен Сырдарияға бағыт алуы; Отырарды қоршау
1220 ж.
Отырардың жау қолына өтуі
1219–1220 жж.
Сыр бойындағы қалалардың толықтай моңғолдарға бағынуы
1219–1224 жж.
Қазақстан мен Орта Азияны моңғолдардың толық жаулап алуы
1227 ж.
Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қайтыс болуы
АКТ бөлімі
Интерактивті тақта арқылы бейнематериал көрсету: «Отырар қорғанысы».
4) Қазақстан жері қандай ұлыстардың құрамына кірді?
Бұл сұрақ бойынша оқушылар карта және деректермен жұмыс істеп, жаулап алу нәтижесінде қалыптасқан ұлыстардың аумақтық бөлінісін анықтайды.
Бекіту: топтық тапсырмалар
1-топ: «Тарихи сынақ хат»
Сөйлемдердегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтырыңдар.
- ХІІІ ғасырдың басында __________ хандықтарының шекарасына іргелес жатқан моңғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрді.
- «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы __________ болды.
- 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға __________ аттандырды.
- Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласты; __________ қаласы үш ай бойы, ал __________ қаласы шамамен он бес күн берілмеді.
- Шапқыншылық салдарынан __________ қаласы жойылып кетті.
- Жетісу аймағында айтарлықтай қарсылық болмағанына қарамастан, __________ қаңырап бос қалды.
- Шыңғысханның кіші ұлы __________ Бұхара қаласына бет алды.
2-топ: RAFT әдісі
- Рөлі
- 7-сынып оқушылары
- Аудитория
- Отырар халқы
- Формасы
- Хат
- Тақырыбы
- Отырар қорғанысы
3-топ: «Жылдар сөйлейді»
Берілген жылдардағы негізгі оқиғаларды атаңдар.
- 1206 ж. —
- 1207–1208 жж. —
- 1211–1215 жж. —
- 1218 ж. —
- 1219 ж. —
- 1219–1220 жж. —
- 1219–1224 жж. —
4-топ: «Шыңғысханнан қалған өсиет сөз»
Берілген әріптерден өсиет сөзді құрастырыңдар.
А Л Ұ Қ А С С Ғ А Д М А Ы Ы М А Ы Л Н Б А Л Л Ұ Қ А С Ұ О Қ Ұ Й Ы Қ Қ М Р Р Н М М Е А А Ғ Ы І Н Ғ А Н Е Л Е Қ Ұ Л А Ш Д
Ой қорыту
Не білемін?
Алдын ала білім мен негізгі ұғымдарды қысқаша белгілеу.
Не үйрендім?
Жаңа сабақтан алған басты қорытындыларды жинақтау.
Не білгім келеді?
Келесі тақырыпқа сұрақтар құрастыру және қызығушылықты дамыту.
Бағалау және кері байланыс
Бағалау тәртібі
- Топ жетекшілері өз тобының және басқа топтардың жұмысына баға береді.
- Қорытынды бағаны мұғалім оқушының сабаққа қатысуына қарай қояды.
Үйге тапсырма
§22. Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Пайдаланылатын көрнекіліктер (карталар)
- ХІІІ ғасырдағы Қазақстанға моңғол-татар шапқыншылығы картасы.
- XIII–XIV ғасырлардағы моңғол-татар шапқыншылығы картасы.
- Қазақстанның саяси картасы.