Машаны жақсы көретін оқушылар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Жазбаша қосу және азайту.
Түрі мен типі
- Сабақ түрі: дәстүрден тыс сабақ (Маша мен аю ертегісінің желісі бойынша).
- Сабақ типі: қайталау сабағы.
Мақсаты
Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып, сәйкес алгоритмді қолданып қосу мен азайтуды орындау; ұжымның өзін-өзі ұйымдастыруындағы синергетикалық ұстанымды сақтау.
Міндеттері
- 1 Жазбаша қосу және азайтуға байланысты тапсырмаларды орындау.
- 2 Ой-өрісті, логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту; жылдам топтық дағдыны және үлкен топтарда жұмыс істей алу шеберлігін жетілдіру.
- 3 Топпен жұмыс жасауға үйрету, адамгершілікке және сыйластыққа тәрбиелеу.
Технологиялар
- Биоақпараттану және синергетика технологиясы
- Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)
Карта, деңгей, әдістер
- Карта түрі: Көшбасшы картасы
- Деңгей: классик деңгейі
- Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекіліктер
- Маша мен аюдың суреттері
- Слайдтар
- «Маша мен аю» мультфильмі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
1-топ
Машаны жақсы көретін оқушылар.
2-топ
Мишаны жақсы көретін оқушылар.
3-топ
Машаны да, аюды да жақсы көретін оқушылар.
2) Жаттығу
Қосу амалы бойынша жылдамдыққа арналған қысқа жаттығулар орындалады.
3) Негізгі бөлім
Топ ішіндегі ұйымдастыру
- Әр топ өзіне атау таңдайды.
- Әр топтан бір оқушы көшбасшы болып сайланады.
- Көшбасшы тапсырмаларды бөліп, орындалуын және уақытты қадағалайды.
Бағалау логикасы (Көшбасшы картасы)
Машаның тапсырмалары
Әр топ орындайды, өзара тексереді.
ТКШ №1
- 23 + 12
- 54 − 12
- 36 + 21
- 63 − 21
- 42 + 26
- 98 − 24
- 23 + 54
- 85 − 14
- 55 + 13
- 66 − 32
АКШ №1
- 37 + 23
- 90 − 13
- 64 + 16
- 80 − 12
- 55 + 35
- 70 − 23
- 12 + 38
- 60 − 34
- 19 + 71
- 50 − 15
ЖКШ №1
- 43 + 29
- 92 − 29
- 66 + 17
- 83 − 67
- 55 + 19
- 75 − 19
- 73 + 18
- 84 − 16
- 29 + 29
- 62 − 13
Сергіту сәті және есте сақтау
«Маша мен аю» мультфильмінен қысқа үзінді көрсетіледі. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін әр топқа сұрақтар қойылады.
1) Банка аюдың қай қолына киіліп қалды?
Оң қолына.
2) Миша үйден неше банка алып шықты?
8 банка.
3) Миша орманнан қайтқанда себетте неше құлпынай болды?
4 құлпынай.
4) Миша тосап жасау үшін үйден неше қорап қант алып шықты?
4 қорап.
5) Почта жәшігінің түсі қандай?
Көк.
6) Миша бірінші қандай тосап жеді?
Жаңғақтан жасалған тосап.
Аюдың тапсырмалары
ТКШ №2
- 24 + 11
- 44 − 24
- 35 + 22
- 25 − 14
- 41 + 36
- 55 − 13
- 22 + 13
- 54 − 12
- 54 + 15
- 33 − 13
АКШ №2
- 56 + 14
- 90 − 34
- 12 + 78
- 70 − 41
- 74 + 16
- 40 − 27
- 58 + 22
- 80 − 33
- 63 + 27
- 60 − 47
ЖКШ №2
- 57 + 18
- 91 − 29
- 63 + 29
- 72 − 37
- 45 + 16
- 83 − 49
- 77 + 19
- 64 − 18
- 64 + 17
- 51 − 27
4) Сабақты қорытындылау
- Үш топтың жалпы ұпайы есептеледі.
- Көшбасшы топ анықталады.
5) Үй тапсырмасы
Мұғалім оқушылардың деңгейіне сәйкес жазбаша қосу және азайтуға арналған тапсырмалар береді.
6) Бағалау
Оқушылардың жұмысы топтық нәтижеге, тапсырмалардың дұрыстығына және орындалу уақытына қарай бағаланады.