Алтын адам табылған жер
Сабақтың тақырыбы: «Тарихты білу – парызым»
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: еліміздің тарихы туралы оқушылардың білімдерін пысықтау.
- Тәрбиелік: Отанын, елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ–жауап
Көрнекіліктер
Қазақстан Республикасының картасы, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
ДайындықОқушыларды топтарға бөлу.
II. Сайыс кезеңдері
Негізгі бөлім- 1 Топ басшылар сайысы
- 2 Сандар сыры
- 3 Қазақстан тәуелсіздік жылдарында (шығармашылық тапсырма)
- 4 Тарихи терминдер
1) Топ басшылар сайысы
Екі топтың жетекшісіне ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Ежелгі тас дәуірі:
Палеолит
2. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы:
Қожа Ахмет Ясауи
3. Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам:
Наурыз көже
4. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:
Керей мен Жәнібек
5. Халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым:
Этнография
6. XVIII ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:
Жоңғар мемлекеті
7. Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі қанша жылға созылды?
150 жыл
8. Ш. Уәлихановтың туған жері:
Құсмұрын
9. Қазақстанның ең биік шыңы:
Хан Тәңірі
10. «Алтын адам» табылған жер:
Есік қорғаны
2) Сандар сыры
Берілген сұрақтарға тек санмен жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
I топ
7 сұрақ- Әл‑Фараби қай жылы дүниеге келді? 870
- Отырар опаты болған жыл? 1218
- С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 14
- Жоңғар қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723
- Қазақ ғылым академиясы ашылған жыл: 1946
- Қазақстанда тың жерді игеру басталған жыл: 1954
- Екінші дүниежүзілік соғыс қай жылы аяқталды? 1945
II топ
7 сұрақ- Шілікті қорғанынан табылған қола жебе саны: 13
- Әл‑Фарабидың қайтыс болған жылы: 950
- Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы берген жылы: 1726
- Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: 1815
- К. Қасымұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 10
- Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997
- Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл: 1939
3) Қазақстан тәуелсіздік жылдарында (шығармашылық тапсырма)
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің жетістіктерін сурет арқылы бейнелеу тапсырмасы беріледі.
4) Тарихи терминдер
Берілген мәліметтер бойынша лауазым иесін табу қажет. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
Әділдігі және тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам
Би
Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым
Елтебер
Оғыз мемлекетінің билеушісі
Жабғу
Моғолстандағы хан кеңесшісі
Инақ
Ру билігін жүргізетін адам
Рубасы
Феодалдық иеліктің қожасы, ру мен тайпа басшысы
Бек
Ханның кеңесшісі
Уәзір
Ауыл билігін жүргізетін адам
Ауылбасы
Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек қаһармандарға берілетін құрметті атақ
Батыр
Хан-сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші, олардың қамқоршысы
Атабек
III. Қорытынды
Сайыс нәтижелері бойынша ұпайлар есептеліп, оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының дәлдігі талданады.
IV. Жеңген топты марапаттау
Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады. Қатысушыларға ынталандыру сөздері айтылады.