Ақпаратты өңдеу құрылғысы
Шараның барысы
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпараттанған әлем информатика апталығы аясында 7-сыныптар арасында өтетін «Ғылым көкжиегі – информатика» сайысына қош келдіңіздер. Бұл — бақ пен бап сыналатын, білім мен тапқырлық сынға түсетін сайыс. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
I тур — «Таныса біл, тани жүр»
Әр топ өздерін таныстырады: атауы, ұраны, құрамы және сайысқа дайындығы қысқаша баяндалады.
II тур — «Бұл не?»
Сұрақтарға барлық топ жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
-
Windows терезе түрлерін ата.Жауап: қапшық, қолданба, диалог, анықтама
-
Ақпараттың өлшем бірліктері.Жауап: бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт
-
Айналдыру жолағы не үшін қажет?Жауап: терезенің төменгі және жоғарғы шегіне өту үшін
-
Суретті баспаға шығару үшін қандай команданы орындаймыз?Жауап: Файл → Баспа
-
Компьютердің ішкі жадының неше түрі бар? Ата.Жауап: ЖЖҚ, ТЖҚ
-
Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер.Жауап: пиксель
-
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.Жауап: монитор, пернетақта, жүйелік блок
-
Суретті ашу үшін қандай команданы орындаймыз?Жауап: Файл → Ашу
-
Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.Жауап: сканер
-
Paint редакторында негізгі және фон түстерін көрсететін түс индикаторы.Жауап: палитра
-
Компьютердің қарқынды дамуы қай ғасырда болды?Жауап: XIX ғасырда
-
Суретті бірінші рет сақтау үшін қандай команданы орындаймыз?Жауап: Файл → «Сақтау…»
-
Басқару батырмаларын ата.Жауап: жималау, жаймалау, жабу
-
Windows-тың негізгі объектісі не?Жауап: терезе
-
Сыртқы жадыға нелер жатады?Жауап: компакт-диск, дискета, флешка
III тур — «Сиқырлы есеп»
Әр топқа логикалық есептер беріледі. Мақсат — жылдам ойлау және дәл жауап беру.
Термометр аязда −3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: −3°
Әдетте ай 30 немесе 31 күнмен аяқталады. Қай айда 28 саны бар?
Жауабы: барлық айда
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакандағы шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатып, өзіне қарсы 3 жеңіл көлік пен 1 жүк көлігін кездестірді. Ауылға неше көлік бара жатыр?
Жауабы: тек мотоцикл
Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53
Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Әр бөренені 6 бөлікке бөлуі керек. Бір жерден кесуге 1 минут кетеді. Барлық жұмысқа қанша уақыт қажет?
Жауабы: 30 минут (әр бөрене: 5 кесу × 1 мин)
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Алдымен нені жағасыз?
Жауабы: шырпы
Цирк әртісі Сұлтанның мойнына әйелі Майра, екі ересек қызы (Айман, Шолпан) және үш ұлы (Алдияр, Мадияр, Шадияр) отырды. Мойнында қанша адам отыр?
Жауабы: 6 адам
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?
Жауабы: 9 қой
IV тур — «Сен білесің бе?»
Тақтада ұяшықтарға бөлінген кесте беріледі. Әр ұяшықтағы сұрақтың күрделілігіне қарай ұпай саны көрсетіледі. Команда мүшелері кезекпен ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап болса, сол ұяшықтың ұпайы есептеледі.
V тур — «Венгр сөзжұмбағы»
Жасырылған кестедегі әріптер арасынан информатикаға қатысты сөздерді мүмкіндігінше жылдам табыңыз.
Әріптер кестесі
М Т П Л О Т Т Н О М И Ы П Р Р Т Е И Д Е К Ш Н И Е Е Р О М М Р Қ А Н Т Р Н Н И Т О Н Т С Ө З Е Т Р О П А И Б А Й Т Т Е З Р М В П И К М Е Р Е О Ә И А Р С О Ұ А Ф Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л Е І У В Ж Л И Я И Ц С Н С Д А Ь Ф И К А С О Р А Б О Н Е Н Т
VI тур — «Жарнама»
Оқушылар Paint графикалық редакторында сурет салып, берілген затқа жарнама әзірлейді. Нәтижеде жұмыстың идеясы, көркемдігі және ұсыну тәсілі бағаланады.
Су сабынын жарнамалау
Сусынды жарнамалау
Дәріні жарнамалау
VII тур — «Кім тапқыр?»
Көрермендермен ойын: тақтадағы фигуралардың астында жұмбақтар жасырылған. Жұмбақты дұрыс шешкен көрермен ұпайды қалаған тобына береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
-
Ақпаратты сақтап, таратқан, жұртты өзіне қаратқан.
Жауабы: компьютер
-
Әдетте үнсіз тұрамын, белгі берсең ұғамын. Жазуы бар қағаздың құралы боп шығамын.
Жауабы: принтер
-
Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені.
Жауабы: кактус
-
Қанша тетік тізілген, саусағыңды сезінген. Барлық сенің ойыңды компьютерге енгізген.
Жауабы: пернетақта
-
Ұзынтұра Жалқаубек тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: бос орын пернесі
-
Экранның бетінде оның тұрағы — қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Жауабы: меңзер
-
Барлық сурет, мәтінді компьютерге енгізген. Керек емес жерін де компьютерден өшірген.
Жауабы: сканер
-
Бар нәрсеге жетік, миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп, шетелге де өтесің.
Жауабы: интернет
-
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
Жауабы: тышқан
VIII тур — «Ойлы болсаң озып көр» (капитандар сайысы)
Әр топ капитанына сұрақтар қойылады. Уақыт — 3 минут. Мақсат — мүмкіндігінше көп сұраққа дұрыс жауап беру.
1-топқа сұрақтар
- Ақпаратты шығару құрылғысы. Жауап: принтер
- Дискеттің сыйымдылығы сантиметрмен өлшене ме? Жауап: жоқ
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Жауап: компьютер
- Ақпаратты өңдеу құрылғысы. Жауап: процессор
- Дыбыс жазу құрылғысы. Жауап: микрофон
- Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы. Жауап: монитор
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Жауап: бит
- Мәліметті енгізу пернесі. Жауап: Enter
- 1 Мбайт қанша байтқа тең? Жауап: 1024 байт
- Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы. Жауап: файл
2-топқа сұрақтар
- Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? Жауап: Чарлз Бэббидж
- Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы. Жауап: CD-ROM
- Дүниежүзілік компьютерлік желі. Жауап: интернет
- Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне. Жауап: Delete
- Деректерді сақтауға арналған құрылғы. Жауап: жад
- Аталған байттар тізбегі. Жауап: файл
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. Жауап: интерфейс
- Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама. Жауап: антивирус
- Бос орын қалдыру пернесі. Жауап: пробел
- Дыбысты шығаруға арналған құрылғы. Жауап: колонка
3-топқа сұрақтар
- Дискеталарды оқу құрылғысы. Жауап: дискжетек
- «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? Жауап: латын тілінен
- Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? Жауап: 60–70 см
- Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. Жауап: модем
- 1 Кбайт қанша байтқа тең? Жауап: 1024 байт
- Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне. Жауап: Backspace
- Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін қосымша құрылғы. Жауап: тышқан
- Кішкентай рычагты манипулятор. Жауап: джойстик
- «Пуск» сөзінің қазақшасы. Жауап: Іске қосу
- Принтер түрлері. Жауап: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік
IX — Қорытынды және марапаттау
Сайыс өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы әр команданың жинаған ұпайын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаздар марапатталады.