Рационал өрнектерді түрлендіру формулаларын есептер шығару арқылы бекіту
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Жагипбарова Асель Сейтмаганбетқызы
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару.
Сабақтың түрі
Білімді пысықтау сабағы
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, есеп шығару, талдау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық, дидактикалық материал, деңгейлік тапсырмалар, стикер
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Рационал бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіру, рационал бөлшектерді көбейту мен бөлуді үйрету.
Дамытушылық
Рационал өрнектерді түрлендіру формулаларын есептер шығару арқылы бекіту.
Тәрбиелік
Оқушыларды дәлдікке, ізденуге және еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
- •Сәлемдесу
- •Оқушылар тізімін тексеру
- •Сабақтың мақсатымен таныстыру
-
2
Жаңа тақырыпты меңгеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру және негізгі ережелерді нақтылау.
-
3
Есептер шығару кезеңі
Формулаларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындау, талдау және бекіту.
-
4
Үй тапсырмасы
Өткен материалды бекітуге арналған тапсырмалар беру.
-
5
Қорытындылау және бағалау
Нәтижелерді талқылау, кері байланыс және бағалау.
Өткен тақырыпты еске түсіру
«Қателер қалашығы» әдісі
Сынып үш топқа бөлінеді. Барлық топтарға бірдей тапсырма ұсынылады: анықтамалар мен формулалар әдейі қате берілген. Оқушылар қателерді тауып, дұрыс нұсқасын ұсынады.
Нұсқаулық
- •Мәтіндегі қате тұстарын белгілеу
- •Дұрыс анықтама/формуланы жазу
- •Неліктен қате екенін қысқаша түсіндіру
Қате тұжырым 1
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың бөлімдерін қосып, нәтижесін алымына жазып, ал алымын өзгеріссіз қалдыру керек.
Қате тұжырым 2
Бүтін және бөлшек өрнектердің барлығын бөлшек өрнектер деп атайды.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар дұрыс ережелерді еске түсіріп, оларды дәлелдеп айтуға және қателерді талдау арқылы білімін жүйелеуге дағдыланады.