Кесенені ата
Сабақ тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы (7-сынып)
Бұл сабақта оқушылар Монғол империясының құрылу барысын, оның қоғамдық құрылысын, Шыңғыс ханның жаугершілік жорықтарын және олардың Қазақстан аумағындағы тарихи салдарын жүйелі түрде қарастырады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Монғол мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы, Шыңғыс хан жорықтарының себеп-салдары және олардың қазақ халқының этникалық құрамы мен әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тигізген әсерін жан-жақты түсіндіру; жүйелі білім қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру және алған білімін өмірлік жағдаятта қолдануға үйрету.
Тәрбиелік
Соғыс пен шапқыншылықтың зардабын түсіндіру арқылы бейбітшілікті қадірлеуге, елжандылыққа, елін-жерін қорғау сезіміне және саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен әдістері
Сабақ түрі
Аралас сабақ; танымдық-интеллектуалдық сайыс элементтері бар сабақ.
Сабақ әдістері
- сұрақ-жауап
- сәйкестендіру тапсырмалары
- тест
- топтық және жеке жұмыс
- семантикалық карта
- ауызша баяндау
Көрнекілік, пәнаралық байланыс, әдебиет
Көрнекіліктер
- Монғол дәуірінің картасы
- Монғол ұлыстарының аумағы көрсетілген карта
- Шыңғыс ханның портреті
- Монғол дәуірін бейнелейтін суреттер
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
- 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы
- «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы
- «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналы
- «Ақ желкен» журналы және т.б.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Сынып үш топқа бөлінеді.
- «Бұл қай кесене?» (дұрыс тапқан топқа 5 балл қосылады)
- Тарихи блиц (әр топқа 7 сұрақтан)
- «Кім тапқыр?» (сәйкестендіру тесті)
I кезең · I топ
Кесенені анықта
Көне Отырар қаласының батыс жағынан 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Күмбезі құлаған кесенені Әмір Темір XIV ғасырда қайта салдырған. Екі бөлмеден тұрады, ортасында дәлізі бар. XIX ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
Жауабы: Арыстан баб
I кезең · II топ
Кесенені анықта
Тараз қаласында орналасқан, X–XII ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіші. Күмбезі құлаған. Қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген, сыртқы қабырғалары оюлы терракота кірпіштермен қапталған.
Жауабы: Айша бибі
I кезең · III топ
Кесенені анықта
Күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталы бар әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстар бар. Есігі шығыс жағында. X–XI ғасырларға жатады. Жамбыл қаласының батысынан 18 шақырым жерде орналасқан.
Жауабы: Бабаджа Хатун
II кезең · I топ
- Исламға дейін Қазақстан жерінде қандай діни нанымдар болды?
- Қолөнердің қай түрлерін білесіңдер?
- Шыны ыдыстар қандай тәсілмен жасалған?
- Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштерді ата.
- Белгілі адамның құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
- Жүсіп Баласағұнидың қандай еңбегін білесіңдер?
- 870–950 жылдар аралығында өмір сүрген ғұлама кім?
II кезең · II топ
- Ортағасырлық дамыған қалаларды ата.
- Зергерлер немен айналысты?
- Арабтар 633 жылы қандай ұранмен көрші елдерді жаулай бастады?
- Қазақстан аумағында дамыған орта ғасырларда қанша қала болды?
- «Терракота» деген не?
- Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным түрі қалай аталады?
- Махмұд Қашғаридің өмір сүрген жылдары?
II кезең · III топ
- Мешіт дегеніміз не?
- Қалалардың сыртқы үшінші бөлігі қалай аталады?
- Сүлеймен Арслан хан Жүсіп Баласағұниге еңбегі үшін қандай лауазымды атақ берді?
- Ташнау деген не?
- Макдисидің айтуы бойынша Таразда айырбас саудасы немен жүргізілген?
- 709 жылы Бұхараны басып алған араб қолбасшысы кім?
- Ахмет Йүгінеки қай жылы дүниеге келген?
III кезең
Сәйкестендіру тесті
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».
Тұлғалар
- Әбу Насыр әл-Фараби
- Әбу Райхан әл-Бируни
- Махмұд Қашғари
- Жүсіп Баласағұни
- Қожа Ахмет Ясауи
- Ахмет Йүгінеки
Еңбектер
- «Құтты білік»
- «Түркі тілдерінің сөздігі»
- «Қайырымды қала тұрғындары»
- «Ақиқат сыйы»
- «Асыл тастар»
- «Даналық кітабы»
Қызығушылықты ояту
Топтастыру әдісі: «Шыңғыс хан» сөзіне қатысты ұғымдар мен сөздерді жазыңдар.
III. Жаңа сабақтың жоспары
- Монғол империясының құрылуы
- Монғол империясының қоғамдық құрылысы
- Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- Жаулап алудың зардаптары
- Ұлыстардың құрылуы
Монғол империясының құрылуы
XIII ғасырда қазіргі Моңғолия аумағында көшпелі тайпалар өмір сүрді. Сол кезеңде Керейт, Найман, Жалайыр, Меркіт, Қоңырат сияқты ірі бірлестіктердің ықпалы күшейді.
Негізгі кезеңдер
- 1155 (1162) ж. — Темүчиннің дүниеге келуі
- 1171–1174 жж. — Есугейдің қаза болуы
- 1189 ж. — Темүчиннің монғол тайпаларының билеушісі болуы
- 1189–1206 жж. — «киіз туырлықты» тайпаларды бағындыру жорықтары
- 1206 ж. — Монғол империясының құрылуы, Темүчиннің «Шыңғыс хан» атануы
Кілтті ұғым
1206 жылғы құрылтай Монғол мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесін бекітіп, әскери тәртіпке сүйенген орталықтанған билікті қалыптастыруға жол ашты.
Назар аударыңдар
Бұл кезеңде билік тайпалық бірлестіктерден империялық басқару жүйесіне қарай ауысты.
Монғол империясының қоғамдық құрылысы
Монғол қоғамы қатаң әскери-әкімшілік иерархияға негізделді. Басқару жүйесі әскери бөлімдер арқылы ұйымдастырылды.
Иерархия
Хан → уәзір → түменбасы → мыңбасы → жүзбасы → онбасы
Әскери-әкімшілік бөлініс
- Түмен — 10 000 әскер (басшысы: түменбасы)
- Мыңдық — 1 000 әскер
- Жүздік — 100 әскер
- Ондық — 10 әскер
Үш әскери-әкімшілік аумақ
- Барунгар — оң қанат
- Жоңғар — сол қанат
- Күл — орталық (негізгі күш)
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
XIII ғасырдың алғашқы ширегінде Шыңғыс ханның жорықтары кең аумақты қамтып, Қазақстан мен Орта Азияның саяси картасын түбегейлі өзгертті.
| Жылдар | Шыңғыс ханның жорықтары |
|---|---|
| 1207–1208 | Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын бағындырды. |
| 1207–1209 | Таңғұттар мемлекетін, Тұрфан кінәздіктерін және ұйғырларды бағындырды. |
| 1211–1215 | Қытай жерін жаулап алып, соғыс техникасын қолға түсірді. |
| 1217 | Жебе ноянды Жетісудағы Күшілік иеліктерін басып алуға аттандырды. |
| 1218 | Монғол әскерлері Жетісу жеріне енді. |
| 1219 | Шамамен 150 мың қол Сырдария мен Ертіс бағытына қарай қаптады. Отырар оқиғасы («Отырар опаты») басталды. |
| 1219–1220 | Сыр бойындағы қалалар толықтай монғолдарға бағынды. |
| 1220–1224 | Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды. |
Маңызды
Жаулап алу жорықтары қала мәдениетіне, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына және аймақтың демографиялық құрылымына ауыр зардап әкелді.
Келесі қадам
Бұл оқиғалардың жалғасы ретінде ұлыстардың құрылуы және биліктің бөлінуі қарастырылады.
Қорытынды және дерек
Монғол шапқыншылығы Қазақстан тарихында аса ірі бетбұрыс кезең болды: саяси билік жүйесі өзгерді, аймақтық қатынастар қайта қалыптасты, ал қоғамдық-экономикалық даму ұзақ уақытқа әлсіреді.
Авторлық дерек
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы. Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі — Рысқалиева Жангүлім Қанатқалиқызы.