Қазақша рефераттар

Көктем келді ауылғаМенің ауылым көрікті де тамаша, Көктем келіп, қар ериді қараса

Көктем келді ауылға
Менің ауылым көрікті де тамаша,
Көктем келіп, қар ериді қараса.
Күн жылынып, жылы жақтан құс келіп,
Сайрап жатыр, сайрап жатыр таласа
Жақсы көрем көктем кезін ерекше,
Әрбір күні біздер үшін мереке
Жылғаларға қайық тастап,
Менікі бірінші - деп айтамыз тіресе
Ұлыс күні наурыз көжесі жасалған,
Ал, қыздары гүлдей киініп жасанған.
Тілек тілеп, ән айтады бұл халық
Жақсылықты күткен әркез тек алдан
Бала болып қуанамын ойнаймын
Наурыз тойын достарыммен тойлаймын
Қызықты болатын шуақты көктем мезгілі
Бәріне де ұнайды деп ойлаймын