Тіл дамыту Тіл дамыту орталығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Іс-әрекет түрі

Сауат ашуға және жазуға үйретуге дайындық

Тақырыбы

Я дыбысы және әрпі

Мақсаты

  • Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
  • Сөзге дыбыстық талдау жасату.
  • Оқуға және жазуға дағдыландыру.
  • Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін дамыту.
  • Ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
  • Жазу дағдысына қолды жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Көрнекіліктер

Кеспе әліппе, суреттер, текшелер.

Сабақ құрылымы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Амандасу

Армысың, ару күн!

Үлкенге — сіз,

Кішіге — сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен біз!

Қайталау сұрақтары

  • Өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстарды талдадық?
  • Дыбыстар туралы кім айтып береді?

Текшемен сөз құрастыру

үй гүл гүлзар өс

Буындап оқу

Сөздерді буынға бөлеміз:

гүлзар
Гүлжан
тігінші
шегінші
тақта
терезе
доп

Ойын: «Суретке буын қос!»

Гүл + нұр Гүл + сім Ай + гүл

Сергіту сәті

Қимылмен орындайды.

Терезеден қарадым,

Тары жеген шүпірлеп.

Тауықтарды санадым: 1, 2, 3, 4, 5.

Кептер ұшып барады,

Оларға да қарадым.

Келсе дағы санайын,

Санай алмай қаламын: 6, 7, 8, 9, 10.

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

Қорыққанда — желаяқ,

Отырғанда — томардай-ақ.

Жаңа дыбыс: «Я»

  • «Я» дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
  • «Я» дыбысының айтылуын талдау, дыбыстық ерекшелігін түсіндіру.

Көрсету

Тақия, пияз, қияр.

Орталықтарға бөлу

Таным орталығы
Ертегілер әлемі орталығы
Ойын орталығы
Тіл дамыту орталығы

Жазу жұмысы

Әліппе дәптеріне «Я» әрпін үлгі бойынша жазу.

Бағалау кезеңі

Тексеру сұрағы

«Я» — дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Буынға бөлу

қо-ян ша-ян а-ян ба-ян

Белгілеу

Дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

Сөздерді буынға бөліңдер.

Күтілетін нәтиже

Білім

«Я» дыбысымен танысты; сөз және сөйлем құрауға дағдыланды.

Білік

Дұрыс сөйлеу дағдыларын дамытты; грамматикалық құзыреттіліктері нығайды.

Дағды

«Я» әрпін таза, әдемі және сауатты жазуды үйренді.

Дереккөз

БҚО, Жаңақала ауданы, №3 ЖОББҚМ

Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы