Ережені оқу
Мақсаттары
- Сөйлем түрлерін қайталау.
- Лепті сөйлеммен танысу.
- Сөйлем түрлерін бір-бірінен ажырата алу.
- Қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.
II. Тақырып пен мақсатты хабарлау
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру.
III. Үй тапсырмасын тексеру
- Үй жұмысын тексеру.
- Дәптер ауыстыру.
- Қажет ескертулер айту.
IV. Дәптермен жұмыс
- Күнін және тақырыбын жазу.
- Көркем жазу: Лл, қала.
V. Өткенді қайталау және жаңа ұғымға кіріспе
«Сөйлем», «хабарлы сөйлем» ұғымдарын еске түсіріп, мысал келтіру. Одан кейін көңіл күйді білдіретін сөйлемдерді талдау арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Тамаша ғой қыс деген!
Аяз бетті тістеген!
Келе жатыр қасқыр,
Тұр, қасқырды басқа ұр!
Сұрақ
Бұл жолдарды қандай көңіл күймен оқыдың?
Сұрақ
Соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
Бұл — сөйлемнің үшінші түрі: лепті сөйлем. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
VI. Кітаппен жұмыс және жаттығулар
Ереже
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
- 240-жаттығу (ауызша): мұғалім бастап, оқушылар жалғастырады.
- 241-жаттығу: орындау.
- 242-жаттығу: «Алақай», «ура», «жасасын» сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
VII. Тыныс белгісін дұрыс қою
Мына сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар:
- Жасасын тәуелсіз Қазақстан
- Он алтыншы желтоқсанда Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толады
- Сен осы мерекеге не дайындадың
VIII. Сөйлемді аяқтау
Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңдар:
- Сөйлемнің неше түрі бар...?
- Ауа қандай...!
- Біздің сыныпта он сегіз бала....
IX. Қосымша тапсырма
244-жаттығу орындалады.
X. Үй тапсырмасы
- №246: орындау.
- Ережені оқу және қайталау.
XI. Бағалау және қорытынды
Рефлексия: «Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?»
Қуанышты лепті сөйлемге мысал: «Алақай, бізге қонақтар келді!»
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.