Оқу құралдары туралы түсінік беру
Мақсаты
- Балалардың бойында білімге деген қызығушылықты арттыру.
- Оқу құралдары туралы түсінік беру.
- Оқу құралдарын күтіп, таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қызығушылықты ояту: жұмбақтар
Педагог оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды:
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
Ұшымен қазық торкөзді жазық,
Үстінен өттім асыл сөз жазып.
Қыркүйек айында балалар мектепке барады, сабақ оқиды. Ол үшін балаларға не қажет деп ойлайсыңдар? Бүгінгі тақырыбымыз — «Оқу құралдары хикаясы».
Дәптермен жұмыс
А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру.
Талқылау сұрақтары
- Жанатбек биыл қайда барады?
- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?
- Жанатбек дәптерді қалай былғады?
- Қалам мен дәптерлер неге ренжіді?
- Атасы немересін қайда апарды?
- Мұғалім Жанатбекке не берді?
- Жанатбек кітаптарды қайда салды?
- Кітап достарына қандай ақыл айтты?
- Кітаптың айтқаны дұрыс па?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?
Сергіту сәті
Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»
Ойынның шарты
Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Балалар сөмкеге оқу құралдарын жинайды да, артық заттардың атын атап шығады.
Тыныштық сәті
Баяу ойналатын музыка қосылады. Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік: қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Неткен керемет!
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің мектепалды дайындық сыныбының тәрбиешісі — Байменова Индира Доспановна.