Жыл мезгіліне байланысты жануарлардың тіршіліктерінің өзгешеліктерін білу, балалардың сөздік қорын дамыту

Ашық оқу іс-әрекеті туралы мәлімет

Мекеме
«Балдырған» балалар бөбек бақшасы
Тәрбиеші
Жуманова Гүлжан Сағымбайқызы
Топ
ІІ сәбилер тобы (2-ші сәбилер тобы)
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Үй жануарлары

Мақсаты

  • Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін тереңдету және олардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру.
  • Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді таныту.
  • Балалардың сөздік қорын дамыту және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Үй жануарларына қамқорлық жасау сезімін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері

  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Дидактикалық ойын материалдары
  • Үй жануарларының суреттері
  • «Жайлау» тақырыбындағы иллюстрациялар

Оқу іс-әрекетінің барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбер

Қуан, шаттан, алақай —
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн,
Достарым!

Тосын сый

Музыка әуенімен Қамбар ата кіреді.

Қамбар атаның сөзі:

— Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендердің білімдеріңді тексеруге әдейі келдім. Жай келген жоқпын, өзіммен бірге тосын сый ала келдім.

Ойын арқылы бекіту

Балалармен бірге «Сиқырлы қорапша» ойыны ойнатылады.

Сұрақ:

— Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Жауап:

— Дұрыс, олар үй жануарлары.

Көктемде үй жануарлары далаға жайылымға шығады, ал жазда жайлауда болады.

Қорытынды сөз:

— Рахмет сізге, Қамбар ата. Төрге шығып, балалардың жұмысын тамашалаңыз.