Геологтар тобына семантикалық карта

Сабақтың мақсаты

Түсіндіру

1920–1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру.

Құндылық

Республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу туралы ұлт қайраткерлерінің көзқарасын талдау арқылы оқушының патриоттық сезімін қалыптастыру.

Байланыс

1920–1930 жылдардағы индустрияландыру саясаты мен экономикалық дамудың өзара байланысын айқындау.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Топтық жұмыс
Көрнекілік
Слайд, семантикалық карта

Сабақ жоспары

  1. I кезең

    Ұйымдастыру кезеңі

  2. II кезең

    Үй тапсырмасын сұрау

  3. III кезең

    Жаңа сабақ

  4. IV кезең

    Сабақты бекіту

  5. V кезең

    Бағалау

  6. VI кезең

    Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін стикерге жазып, дауыстап оқиды.
  • Топқа бөліну: «Геологтар» және «Теміржолшылар».

II. Үй тапсырмасын сұрау

Геологтар тобы

Индустрияландыру кезеңінде шикізат байлықтарын зерттеген ғалымдардың еңбегін қорғау: Курнаков, Губкин, Сәтбаев. Олардың индустрияландыру жылдарындағы қызметін қысқаша түсіндіру.

Теміржолшылар тобы

Индустрияландырудың маңызды оқиғаларының бірі — Түрксіб теміржолы құрылысына басшылық еткен тұлғаларды қорғау: Рысқұлов, Омаров, Қазыбеков.

Ойын элементі

«Футбол» ойыны

Әр оқушыға парақша таратылады. Оқушылар сұрақтарын жазып, қарсы топқа кезекпен «лақтырады». Әр дұрыс жауап гол (ұпай) ретінде есептеледі.

III. Жаңа сабақтың жоспары

  1. Ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы.
  2. Қоғамдық ұйымдар.
  3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтін ішінен үзінді сөздер мен тіркестерді іріктеп, әр топқа таратады. Топтар оқулықтан іздеп, берілген сөздермен сөйлем құрайды және нәтижесін топ ішінде өзара көрсетеді.

Үзінді сөздер мен тіркестер

1939 ж. 1926–1940 жж. 29,4% 33,8% Т. Рысқұлов 80%-дан астамы 1933 ж. 1 қаңтар 3%-дан 10%-ға дейін 1921 ж. шілде 1925 ж. ақпан 1937 ж. 1924 ж. 1 қаңтар 1931 ж. 1936 ж. 1921 ж. қаңтар 1926 ж. 1 қаңтар Социалистік жарыс VII съезд IX съезд Директивалық жоспар Орталықтың әмірі Лагерь Дайын өнім шығармады Шикізат көздері Кәсіпорындары болмады Артта қалды Тау-кен шикізаты Орскі Украина 1913 ж. С. Сәдуақасов Алтын өндіру

Ескерту: Тіркестер оқулық мәтінімен байланыстырып қолданылып, сөйлем құрауға негіз болады.

Семантикалық картамен жұмыс

Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі:

  • «Геологтар» тобы — семантикалық карта.
  • «Теміржолшылар» тобы — салыстыру кестесі.

Негізгі назар

Индустрияландырудың тарихи мәнін ашу үшін фактілерді (даталар, көрсеткіштер, тұлғалар) себеп–салдар байланысында қолдану ұсынылады.

IV. Сабақты бекіту

Ойын

«Уақыт сырын ашу»

Тақтаға жаңа тақырыпқа қатысты даталар жазылады. Оқушылар әр дата бойынша бүгінгі сабақтан алған білімін қысқаша баяндап шығады.

  • 1939 жыл
  • 1926–1940 жылдар
  • 1933 жыл, 1 қаңтар
  • 1921 жыл, шілде
  • 1937 жыл
  • 1924 жыл, 1 қаңтар
  • 1931 жыл
  • 1936 жыл
  • 1921 жыл, қаңтар
  • 1926 жыл, 1 қаңтар

V. Бағалау

Оқушылар өз-өзін және топтық жұмысты «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды:

Қызыл

«5» бағасы

Сары

«4» бағасы

Көк

«3» бағасы

VI. Үйге тапсырма

Оқулық

§9 және §15.

Жазылым

«Бүгінгі Қазақ елінің индустриялық-инновациялық дамуы» тақырыбында эссе жазу.