Дөңгелектер тобы

Кулагино орта мектебі • Мектепке дейінгі шағын топ

Шебер сынып жетекшісі: Қадырқұлова Лаура Өмірзаққызы

Шебер сынып тақырыбы: Тәрбиешілердің кәсіптік шеберлігін жетілдірудегі іскерлік ойындардың рөлі

Мақсаты

  • Адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу.
  • Жағымды ой мен ішкі сезімді қалыптастыру.
  • Адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту.
  • Өз күшіне сенуді және өзін-өзі бағалауды дамыту.

I. «Шаттық шеңбері»

Құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сабақты бастамас бұрын қысқа сергіту жаттығуы арқылы көңіл күйімізді көтерейік.

Сергіту жаттығуы: қатысушыларға күш-қуат беріп, жұмысқа серпін сыйлайтын шағын белсенді әрекет.

II. Үстел басындағы ойын-жаттығу

Енді үстел басына шақырамын. Үстел үстіндегі әр түрлі түстегі геометриялық фигуралардың бірін таңдаңыздар. Таңдалған фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеміз:

1-топ: Дөңгелектер

Түс: қызыл

2-топ: Төртбұрыштар

Түс: көк

3-топ: Үшбұрыштар

Түс: жасыл

Түстердің мағынасы

Қызыл түс

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді: өмірлік күш, белсенділік, нәтиже мен сәттілікке жетуге деген ұмтылыс, албырттық, жеңіске деген жігер мен құлшыныс. Бұл түсті таңдағандар әдетте қиындыққа мойымайтын, күрескер, батыл адамдар.

Көк түс

Көк түс жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын дәнекер іспетті: бірлік, көпшілдік және сенімнің түсі. Сонымен қатар, көк түсті ұнататын адамдар кейде өкпелегіш, уайымға берілгіш болуы мүмкін. Көк түсті таңдағандар тыныш ортаны қалайды және өзгелермен сенімге негізделген қарым-қатынасты жоғары бағалайды.

Жасыл түс

Жасыл түс еркіндікке ұмтылыс пен табандылықты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар өз құндылығына деген сенімді күшейткісі келеді, айналасынан қолдау, мақтау және жылы пікір күтетін жандар болуы мүмкін.

Шебер сынып бағдарламасы

  1. I

    Сурет салу арқылы шеберлікті шыңдау

    Әр топқа бөлек тапсырма беріледі. 10 минут.

  2. II

    Конверт таңдау арқылы логикалық есептер шешу

    5 минут.

  3. III

    Құрастырмалы ойыншықтар: құрастыру және талдау

    Әр топ өз идеясы бойынша құрастырып, қысқаша түсіндіреді. 10 минут.

  4. IV

    Табиғатқа байланысты ырым-тыйымдар

    Әр топқа 2 суреттен ұсынылады.

  5. V

    «Тілек шамы»

    Қорытынды рефлексия және жылы тілектер алмасу.

I тур тапсырмалары

1-топқа

«Біз қандай тәрбиешіміз?»

2-топқа

«Біз тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз болашақта қандай мамандық иесі болады деп ойлайсыздар?»

3-топқа

«Болашақта мектепке дейінгі шағын топ қандай болады?»

II тур: логикалық есептер

Алдарыңыздағы конвертті ашып, ішіндегі логикалық есептерге жауап беріңіздер.

1-топ

1) Айдын Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан аласа. Кім ең ұзын?

Шешімі: Жанат.

2) Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

Жауабы: Медет.

2-топ

1) Көшеде екі әке, екі бала және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу.

2) Допты лақтырғанда, доп өзінің ізімен кері қайтуы үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары қарай.

3-топ

1) Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отыр, әрі әрқайсысына қарсы тағы үш мысық көрінеді. Бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық.

2) Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин шамы бар. Ең алдымен нені жағасыз?

Жауабы: шырпыны.

III тур: құрастырмалы ойыншықтар

Құрастырмалы ойыншықтар арқылы әр топ өз ойы бойынша құрастырып, нәтижесін талдайды. Уақыты: 10 минут.

IV тур: табиғатқа байланысты ырым-тыйымдар

Әр топқа 2 суреттен беріліп, соған сәйкес халықтық болжамдар талқыланады.

I топ — Дөңгелектер

  • Мысық жылы жерді паналаса — аяз болады.
  • Аспанда жұлдыз көп болса — күн суытады.

II топ — Төртбұрыштар

  • Түтін аспанға тік көтерілсе — аяз болады.
  • Ерте көктемде қарға суға шомылса — күн жылынады.

III топ — Үшбұрыштар

  • Қайыңнан аққан шырын көп болса — күн жылынады.
  • Сары шымшық шиқылдаса — күз болады.

V тур: «Тілек шамы»

«Шығармашылық жұмыстарымыз жалындап жана берсін» деген ниетпен шебер сыныпты бір-бірімізге тілек шамын беру арқылы қорытындылаймыз. Әр қатысушы келесі әріптесіне жылы тілегін арнайды.

Қорытынды

Осымен шебер сыныбымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!