Оқушыларды шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
6-сынып
Сабақ тақырыбы
Компьютерлік техниканың даму үдерісі
Сабақ типі
Аралас сабақ
Сілтеме
Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаттар
- Оқушыларға компьютерлік техниканың даму тарихы туралы толық мәлімет беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпараттық ресурстарға қызығушылық қалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
- Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
- Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытудың басымдықтарын айқындау.
Түйінді идея
Дамытуға бағытталған жұмыс оқушының білімін нығайтып, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсартады.
Ресурстар мен құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Тақырыптық плакаттар
- Оқулық
АКТ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары қолданылады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1. Кіріспе
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айқындалып, оқушылардың назарын негізгі ұғымдарға бағыттау.
2. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Ақпаратты қабылдау және «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.
- Топтарға атау беру: 1-топ — «Ақпарат», 2-топ — «Компьютер».
- Әр топқа бағалау парақшасын тарату.
Үй тапсырмасын пысықтау
«Кезбе тілші» әдісі арқылы сұрау жүргізіліп, оқушылардың өткен тақырып бойынша ойлары жинақталады және талқыланады.
Автор туралы мәлімет
Мекеме
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Қайнар мектеп-гимназиясы (коммуналдық мемлекеттік мекеме).
Пән мұғалімі
Абдирахманова Фаһизада Абдирахманқызы
Информатика пәні мұғалімі