Ұлы даланың батыр қыздары
Мәлімет
Өтетін орны
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тамды ауылы
Жауапты тұлға
Бастауыш класс мұғалімі: Бахтыбаева Майра Жарасовна
Тақырып
Ұлы даланың батыр қыздары
Мақсаты
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін түсіндіру, Ұлы Отан соғысы жылдарында батырлығы мен қайсарлығымен елге үлгі болған қазақтың өжет қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерлігімен таныстыру.
Міндеттері
- Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары және Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру.
- Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын үлгі ете отырып, ұлтын сүйетін, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды, жан-жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
- Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, сондай-ақ бүгінгі ардагерлердің ерлігін үлгі етіп, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
- Оқушыларды адамгершілікке, Отанды сүюге және оны қорғауға баулу; патриоттық сезімді күшейту.
- Үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Сабақ барысы
1-бөлім. Кіріспе (Ұлы Отан соғысы туралы видеоролик көрсетіледі.)
Тәрбие сағаты
«Ұлы даланың батыр қыздары»
Мұғалім сөзі
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Осылайша Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер күшті армия жасақтап, өзге халықтарды құлға айналдыру мақсатында соғыс ашты. Олар «күзге дейін-ақ Кеңес Одағын талқандап жеңеміз» деп даурықты.
Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты — Мәскеуді басып алу еді. Алайда фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. «Бәрі майдан үшін!» және «Отан — Ана шақырады!» деген ұрандар елге жігер берді.
Қазақстан — еңбек майданының тірегі
Соғыс басталысымен Қазақстан еңбек майданының негізгі республикаларының біріне айналды. Соғыс жылдары өндіріс қарқынды түрде әскери қажеттілікке бейімделді.
1944 жылы мұнай өндіру үш есе артты, ал тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі 1,5 есе өсті.
Ауыл шаруашылығы мен халық қолдауы
Қазақстан колхоздары мен совхоздары мемлекетке мол өнім тапсырды:
- 56 млн пұт астық
- 733,9 мың тонна ет
- 1142 мың тонна сүт
- 62,4 мың жүн
Халық ерікті қаражат жинауға да белсене атсалысты. Тарышы Ш. Берсиев пен күрішші Ы. Жақаев секілді жерлестеріміз жан аямай еңбектенудің жарқын үлгісін көрсетті.
Ел бірлігі және Жеңіс
Қабылданған адамдар
Республика 1 млн адамды, оның ішінде балалар үйінен 13 мың баланы қабылдады.
Майданға аттанғандар
Қазақстаннан 1 млн 870 мың адам жан аямай шайқасты.
Ең жоғары марапат
518 адам, соның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды.
Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылғы 9 мамыр күні соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Негізгі ой
Ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен қатар қолына қару алып, Отанын қорғаған батыр қыздарымыз — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова асқан ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапты.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Әлия мен Мәншүктің рухына тағзым ете отырып, «Ұлы даланың батыр қыздары» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Батырлар туралы мәлімет
Әлия Молдағұлова (1924–1944)
1-оқушының баяндауы
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді.
Әлия кішкентай кезінен Ленинградта тұрып, соғысқа дейін сонда 9-сыныпта оқыды. 1942 жылы ол өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді.
Әлия 26-атқыштар дивизиясында құралайды көзге атқан мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста қаһармандықпен қаза тапты.
Ескерту
Осы сәтте Әлия Молдағұлова туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі.
Мәншүк Мәметова (1922–1943)
2-оқушының баяндауы
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова (шын аты — Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалып, Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк медицина институтында оқып жүрген еді. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанып, 21-атқыштар дивизиясы құрамында қызмет етті.
Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк соңғы оғы қалғанша жауды тоқтатып, ерлікпен қаза тапты.
Ескерту
Осы сәтте Мәншүк Мәметова туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі.
2-бөлім. Поэзия минуты
Ән
Класс оқушысы: Бисеналиева Дарина
- Әні
- «Әлия»
- Сөзі
- Бәкір Тәжібаев
- Әні
- Сейдолла Бәйтереков
Өлең
3-оқушы оқиды. Сағи Жиенбаев — «Әлия» (1 оқушы Әлия болып киініп шығады.)
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.