Тірек сызбалар

Сабақтың мақсаты

Негізгі мақсат

Оқушыларға одағай туралы түсінік беру, оның мағыналық реңкін ажыратуды және тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйрету.

Білімділік

Одағай туралы білімін кеңейту, сөйлеу мәдениеті мен тілдік дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Ұжымда және өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сыныпты дайындау

    Сабаққа назар аударту, сыныптың жұмыс ырғағын қалыптастыру.

  2. 2) Өткенді қайталау және психологиялық дайындық

    Қайталау

    Тірек сызба: сөз таптары (9)

    • Зат есім
    • Етістік
    • Сан есім
    • Сын есім
    • Есімдік
    • Үстеу
    • Шылау
    • Одағай
    • Еліктеуіш сөздер
  3. 3) Жаңа сабақ: одағай сөздер

    Түсіндіру

    Одағайлар сезімді, көңіл күйді немесе қаратпа үнді білдіреді. Мысалдар:

    Пай-пай Бәрекелді Түу Е-е Оу Ой Апырай
  4. 4) Кітаппен жұмыс (1-жаттығу)

    Жаттығу
    • 1) Пай-пай, мына аттың жүйрігін-ай!
    • 2) Бәрекелді, келгендерің жақсы болды!
    • 3) Алақай, алақай, ауылдан әжем келді!
    • 4) Апырай, тақ қонысым еді!
  5. 5) Тақтамен жұмыс (2-жаттығу)

    Талдау
    • 1) Шіркін, мына атқа мінер ме еді!
    • 2) Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл. М. Әуезов
    • 3) Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау!
    • 4) Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? М. Әуезов
    • 5) Түу, қандай тымырсық түн!
  6. 6) Дәптермен жұмыс (3-жаттығу)

    Жазылым

    Берілген одағайларды пайдаланып сөйлем құрап жазыңдар:

    Па Шіркін Әттең Ойпырай
  7. 7) Өз бетінше жұмыс (4-жаттығу)

    Дербес
    • 1) Алақай, емтиханнан бес алдым!
    • 2) Апырай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
    • 3) Шіркін, киноактер болсам!
    • 4) Оу, сен қашан келдің?
  8. 8) Ребус шешу (5-жаттығу)

    Ойын элементі

    Берілген сөздер

    Уық + Радио

    Шешуі

    Ура

    Шешуі бойынша бір сөйлем ойлап, дәптерге жазыңдар.

  9. 9) Шығармашылық жұмыс: төрт жол өлең құрастыру

    Шығармашылық

    Тірек жолдар:

    • __________ көңілді.
    • __________ __________ оралды.
    • __________ айналам.
    • __________ өңірді.
  10. 10) Жұмбақтар шешу

    Ойлау

    Оқушылардың тілдік қорын байытуға және логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

  11. 11) Кестемен жұмыс

    Жүйелеу
    Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Есімдік Үстеу Шылау Одағай
    Кестені мысал сөздермен толықтыру.
  12. 12) Үй тапсырмасы

    176-бет

    6-жаттығу.

  13. 13) Қорытынды және бағалау

    Рефлексия

    Қорытынды сұрақ

    Бүгін біз не үйрендік?

    Бағалау

    Оқушы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.