Өгіз бен бақа сахналық көрініс

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Алматы қаласы, Іле ауданы, №39 гимназия

Пән

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалім

Кенжебаева Нұрсұлу

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Мысал өлеңдер туралы түсінік. А. Байтұрсынұлы — «Өгіз бен бақа»

Сілтеме

Әдебиет, 5-сынып (Атамұра)

Сабақтың жабдығы

Тақта, суреттер, кеспе қағаздар

Жалпы мақсат

Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен аудармаларымен таныстыру, мысал өлеңнің идеясын түсінуге бағыттау.

Оқыту нәтижелері

  • Ахмет Байтұрсынұлы туралы негізгі деректерді біледі.
  • «Мысал» жанрының ерекшелігін анықтайды.
  • «Өгіз бен бақа» мысалының идеясы мен тәрбиелік мәнін талдайды.

Сабақ барысы

1) Топқа бөлу

Оқушылар адам бойындағы қасиеттерге байланысты топтарға бөлінеді:

I топ: Әдептілік

II топ: Мейірімділік

III топ: Ізеттілік

IV топ: Дарындылық

2) Ынтымақтастық атмосферасы

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» шақырып, төмендегі шумақты бірге айтқызады:

Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

3) Мағынаны тану: А. Байтұрсынұлы — «Өгіз бен бақа»

Интерактивті тақтадан Ахмет Байтұрсынұлының суреті көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бұл кім?
  • Ол туралы не білесіңдер?
  • Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар?

Жауаптар тыңдалған соң, Ахметтің әртүрлі фотосуреттері көрсетіліп, өткен тақырып пен жаңа сабақ өзара байланыстырылып түсіндіріледі.

I) Білу: «Тұлғаны таны»

Ахмет Байтұрсынұлы — балаларды оқу-білімге шақырып, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған ағартушы-педагог, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы тұлға.

Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петерборда жарық көрген «Қырық мысал» жинағынан басталады. Бұл жинақ — ұлы ағартушының мұратынан туған тәрбиелік мәні зор өлеңдер топтамасы.

1901–1922 жылдары ол аудармамен жүйелі айналысқан. «Қырық мысалға» енген туындылардың басым бөлігі орыс ақыны И. А. Крыловтан аударылған.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.

Ескерту: Бұл жинақтағы өлеңдердің бәрі бірдей сөзбе-сөз аударма емес, авторлық өңдеу мен ұлттық мәнер айқын сезіледі.

Мысал дегеніміз не?

Мысал — шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік-тағылымдық мәні бар шығарма. Көбіне аң-құстар, хайуанаттар, жәндіктер бейнесі арқылы адам мінезіндегі кемшілік әжуаланып, сықақпен сыналады.

Негізгі белгілері

  • Оқиғасы қысқа әрі әсерлі.
  • Тәрбиелік ойы анық, түйіні нақты келеді.
  • Тілі өткір, шымыр, астарлы баяндау басым.

Крыловтан аударған мысалдарының бірі — «Екі шыбын». Ал бүгінгі сабақтағы негізгі шығарма — «Өгіз бен бақа».

II) Түсіну: мағынаны ажырату

Оқулықпен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқу, негізгі ойды табу, кейіпкерлер әрекетін түсіндіру.

III) Қолдану: сөздік жұмысы

Бек өте
Сарша тамыз өте ыстық
Шырақ мұнда: айналайын
Пішін форма, кескін
Жырақ алыс

Сергіту сәті

Қозғалыс арқылы сергітуге арналған қысқа жаттығу:

Орнымыздан тұрайық, Алақанды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.

IV) Талдау: топтық жұмыс (кейіпкер мінезін ашу)

I топ — Кеңес

Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

II топ — Мінез

Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?

III топ — Ойтолғау

«Әлін білмес әлек» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.

IV топ — Сахналық көрініс

«Өгіз бен бақа» мысалын сахналайыңдар.

V) Жинақтау: «Менің қасиетім»

Төмендегі қасиеттердің ішінен қоғамға қажеттілерін белгілейік:

Еңбекқор Әдепсіз Көрсеқызар Мейірімді Ақымақ Надан Дарынды Ізетті Зиялы Залым Отансүйгіш (патриот) Еріншек Сауатты Білімді Мақтаншақ Күншіл

Түйін

Мысал жанры адамның мінезін көркем бейнемен көрсете отырып, оқушыны өзін тануға, артық мақтаннан сақтануға және парасатты қасиеттерді таңдауға тәрбиелейді.