Қызықты ұйқастар
Сабақтың тақырыбы
- 1-сынып: «Менің Отаным – Қазақстан»
- 3-сынып: «Біздің Отанымыз – Қазақстан»
Мақсаты
- Еліміздің жері мен пайдалы қазбалары туралы ұғым қалыптастыру.
- Отан туралы білімін кеңейту.
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Жан-жақты дамыту.
Сабақтың сипаттамасы
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау.
- Көрнекілігі
- Сөзжұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта.
- Түрі
- Дамыта оқыту.
Сабақ барысы
I. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызықты ұйқастарды шешу арқылы бұрынғы білімді еске түсіріп, қорытынды жасаймыз.
Қызықты ұйқастар
- Өрмекші құрды тұзақ — менің ұлтым қазақ.
- Аман болсын қарттар — суықты болар қаңтар.
- Құт-береке жауғыз, келе жатқан наурыз.
- Ашытылған қамыр — мерекелі мамыр.
- Суда жүзер сазан — айдың бірі қазан.
- Биіктеуде жас қала — бас қаламыз Астана.
- Менің досым салмақты — бұрынғы астанамыз Алматы.
- Партаның бетін жырма — күзде басталады қырман.
- Тынықтырар түн — қуаныш сыйлар күн.
Шешілген сөздер: қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн.
Әр сөз бойынша үй тапсырмасындағы білім бекітіледі. Мысалы: «Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше?» және т.б.
Қорытынды сұрақ: Ұйқастарды шешу барысында қандай негізгі сөз шықты?
Жауап: Қазақстан.
Ендеше, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбындағы жаңа сабақты бастаймыз.
1) Өткен күнге шолу
Тарихи түсінік
Баяғыда, көп жылдар бұрын, 15 республика бірігіп Кеңес Одағының құрамында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым-қатынаста болды.
Уақыт өте әр республика тәуелсіз ел болуды қалады. Сөйтіп, біздің Отанымыз – Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
(Кеңес Одағы құрамындағы елдер картадан көрсетіледі.)
2) Елдер достығы
Картамен жұмыс
Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген елдермен достық қарым-қатынаста. Осы елдерді картадан тауып көрейік.
Қазақстан — ұлан-байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекет. Елде он төрт облыс бар.
II. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезең
1) Суретпен жұмыс
Қазақстанның табиғаты, қалалары және мемлекеттік рәміздері туралы суреттермен жұмыс жүргізіледі: сипаттау, салыстыру, ой қорыту.
2) Оқулықтан тыс жұмыс
Ақтөбе қаласы мен облысы бойынша өндіріс пен кен байлықтары туралы қосымша мәлімет беріледі.
Ақтөбе қаласының негізгі өнеркәсіп өнімдері
- Мұнай
- Ілеспе газ
- Хром рудасы
- Ферроқорытпа
Ақтөбе облысының кен байлықтары
- Никель
- Мыс
- Мұнай
- Конденсат
- Хромит рудасы
- Алтын
- Асбест
- Фосфорит
3) Оқулықпен жұмыс
Оқушылар «Менің Отаным – Қазақстан» мәтінін оқып, түсінгенін әңгімелейді. Мұғалім оқу барысында қосымша мәліметтермен толықтырып отырады.
4) Дәптермен жұмыс
Қазақстанмен шекаралас елдерді жазу және картадан көрсету:
- Ресей
- Түрікменстан
- Өзбекстан
- Қырғызстан
- Қытай
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезеңі
Сын тұрғысынан сұрақтар (иә/жоқ)
- Қазақстан жері кең-байтақ.
- Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі.
- Астанасы — Алматы.
- Ұлты — қазақ.
- Пайдалы қазбаларға өте бай.
- Өсімдіктер әлемі алуан түрлі.
- Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық — өзендер.
- Ту, Елтаңба, Әнұран — еліміздің рәміздері.
- Мемлекеттік тіл — орыс тілі.
- Менің Отаным — Қазақстан.
Қорытынды
Отанға деген құрмет сезімімен еліміздің Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады.)
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі мен белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
«Менің Отаным – Қазақстан», «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәтіндерінің мазмұнын айту.