Тырнақтай меңі болған соң, Тарлан тартып оңған соң, Түгіне кір қонған соң, Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз, Шаңқай болмай, қылаң ба

Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқай болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жәй отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір көреген,
Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді,
Патша өткен Тұранда.
Азғын тартып шүйіліп,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек
Аталыдан азғын тек
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,
Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп шайқаған,
Берілді тізгін ылаңға.
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді,
Жоқ болғаның мұнан да.
Құзды кемең еткенмен,
Өткелдектен өткенмен,
Қарауыл салып өргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.



Ұқсас жұмыстар

Қарахан әулетіне кемінде 2800 жыл парсы, түркі және қытай деректері осылай дейді
XIX г. 60-70-жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілі және оны танытатын үлгілер
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
Өтебай Тұрманжанов. Заманы аямаған, тағдыры аялаған
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Байырғы сын есімдердің танымдық сипаты
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Балқаштың экологиялық ахуалы
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны