Әділ бағалауға тәрбиелеу

Тақырып: Colors (Түстер)

Бұл сабақ жоспары балаларды ағылшын тіліндегі негізгі түстермен таныстыруға, есте сақтауын және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мақсаты

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың есте сақтау және айтылым әрекеттерін қалыптастыру.

Міндеттері

  1. Жаңа сөздерді меңгерту.
  2. Алған білімді заттар мен жануарларды сипаттау барысында қолдануға үйрету.
  3. Әділ бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар ағылшын тілінде түстерді ажырата алады.
  • Шығармашылық қабілеттері іс-әрекет барысында көрінеді.
  • Топтық бағалау мен топішілік бағалауды үйренеді.

Негізгі бөлім

Сабақ кезеңдері интерактивті әрекеттерге, топтық жұмысқа және ауызша сөйлеуді ынталандыратын қысқа диалогтарға құрылады.

1) Түстермен таныстыру

Интербелсенді тақта арқылы түстер таныстырылады және түстерге байланысты қысқа бейнежазба көрсетіледі.

2) Топтық жұмыс: бояу тапсырмасы

Таратпа қағаздар үлестіріледі. Оқушылар суреттегі заттардың қандай түсте болуы керектігін анықтап, сәйкесінше бояйды.

3) Сұрақ-жауап: “What is it?”

Үлгі диалог

Teacher: What is it?

Оқушы: It is …

Интербелсенді тақтадағы жануарларды олардың түстерін атай отырып сипаттайды. Қиындық туындаса, мұғалім көмектеседі және бірнеше рет қайталатады.

4) Ұнататын түс: “I like …”

Балалардан қандай түс ұнайтыны сұралады. Оқушылар I like құрылымын қолданып жауап береді.

Сұрақ

Who likes red, yellow, green, blue, orange?

Жауап үлгісі

I like red. / I like blue. / I like green.

5) Ән арқылы бекіту

Аудиожазба арқылы түстер туралы ән үйретіледі және бірге қайталанады.

6) Орындау және бағалау

Екі бала тақтаға шығып, әнді орындап береді. Әр тапсырмадан кейін оқушыларды кәмпитпен немесе смайликпен мадақтап, бағалау жүргізіледі.

Қолдау Ынталандыру Әділ бағалау

Автор туралы мәлімет

Орны

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, “Ақ шағала” балабақшасы

Маман

Ағылшын тілі маманы — Төребаева Динара Тұрлыбайқызы