Кедергілер арасымен өту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бағыты
Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс-әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы
«Мерекеге барамыз»
Қимыл-қозғалыс арқылы денені шынықтыруға бағытталған сабақ.
Мақсаты
Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың дене мүмкіндіктерін дамыту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және ұйымдасқан түрде әрекет етуге баулу.
Білімділік
Мерекелік алаңда жалаушаларды пайдаланып жалпы дамыту жаттығуларын орындауға үйрету.
Дамытушылық
Гимнастикалық скамейка үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру, кедергілер арасымен өту дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- Қимыл-қозғалыс ойыны
Қажетті құрал-жабдықтар
- Әр балаға екі түрлі түсті жалауша
- Кедергілер
- Гимнастикалық скамейка
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Балалар залға саппен кіреді: қолдарында жалауша. Түзу жолмен және бұралаң жолдармен жүріп, шеңбер бойымен айналады.
Ұран-өлең
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Достық мерекесі жасасын!
Балалар сапқа тұрып, қонақтармен сәлемдеседі.
2) Кіріспе бөлім
Денені қимыл-қозғалысқа даярлау: бір оңға, бір солға бұрылу арқылы саптағы үйлесімділікті сақтау.
3) Жалпы дамыту жаттығулары (жалаушамен)
-
1. Қолды сермеу
Бастапқы қалып: аяқ сәл алшақ. Жалаушаны төменнен жоғары сермеп көтеру, жоғары-төмен қарау. (3–4 рет)
-
2. Қолды екі жаққа созу
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде алшақ. Жалаушамен қолды екі жаққа созу. (3–4 рет)
-
3. Отырып-тұру
Бастапқы қалып: аяқ түзу. Жалаушамен қолды алға созып, отырып-тұру. (3–4 рет)
-
4. Қолды кезекпен көтеру
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде алшақ. Жалаушамен қолды төменнен жоғары кезекпен көтеру. (3–4 рет)
-
5. Орнында секіру
Қос аяқпен бір орында секіру; қолды жоғары көтеріп, жалаушаны бұлғап сермеу.
-
6. Демалу жаттығуы
Демді мұрынмен ішке тартып, жаймен шығару. Қолды жоғары көтеріп дем алу; алға еңкейіп, қолды бұлғап дем шығару.
4) Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары
Балалар бір қатармен, бір-бірінің артынан жүреді. Тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалады.
1. Кедергілер арасымен өту
Аралықты сақтап, денені жинақы ұстап, кедергілерден абайлап өту.
2. Гимнастикалық скамейкамен жүру
Скамейка үстімен қолды екі жаққа созып, бойды тік ұстап жүру; соңында қос аяқпен секіріп түсу.
Автор туралы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі — Б. Адилгалиева.