Үшінші кезең Бәрін білгім келеді Пәндер айдары

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын: «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл интеллектуалдық ойын Тілдер күніне арналады. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру және жан-жақты білімге баулу — негізгі мақсат.

Негізгі бағыттар

  • Ой-өріс пен логиканы дамыту
  • Шығармашылық пен шапшаңдыққа баулу
  • Тіл мәдениеті мен оқу тазалығын қалыптастыру

Тіл туралы ой

Қазақстан — әр тілде сөйлейтін халықтарды біріктірген мемлекет. Тіл — халықтың тарихы, ұлттық қазынасы, намысы мен ары, байлығы мен болмысы. Әр ұрпақ тіл арқылы өмірдің құнды тағылымын танып, оны келесі буынға жеткізеді.

Қатысушылар

Ойынға екі топ қатысады. Әр кезеңде топтардың білім деңгейі, тапқырлығы және тілдік машығы бағаланады.

Сайыстың жоспары

  1. 1

    Сөз тапқанға

    Берілген әріптен басталатын жылдам жауап.

  2. 2

    Тіл — өнер

    Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

  3. 3

    Бәрін білгім келеді

    Пәндер бойынша сұрақ-жауап (16 сұрақ).

  1. 4

    Қызықты ұйқастар

    Сөздердің ұйқасын жылдам табу.

  2. 5

    Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы

    Қазақ және орыс тілінде мәнерлеп өлең оқу.

Топтармен таныстыру

І топ: «Білгірлер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

ІІ топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла; талап қыл артық білуге».

Жүргізуші сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан — түрлі тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.

Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Алдымен жауаптарды сараптайтын әділқазылар алқасымен танысамыз.

І кезең: «Сөз тапқанға»

Интербелсенді тақтадан әріптер көрсетіледі. Әр топқа сұрақ қойылады. Жауап сол әріптен басталуы керек және барынша шапшаң беріледі.

І топ сұрақтары (Ө, Қ, Т)

  1. Бүгін қандай күн?
  2. Сен қайда тұрасың?
  3. Жазда қайда болдың?
  4. Нені жақсы көресің?
  5. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
  6. Қай пән ұнайды?
  7. Досың көп пе?
  8. Сенің сүйікті ақының кім?
  9. Немен саяхат жасайсың?

ІІ топ сұрақтары (Ә, Ғ, С)

  1. Сенің ауылың қандай?
  2. Кім болғың келеді?
  3. Нені ұнатасың?
  4. Қандай құсты білесің?
  5. Қандай фильм көрдің?
  6. Қай күніңді жақсы көресің?
  7. Күз мезгілі ұнай ма?
  8. Сенің сүйіп оқитын жазушың кім?
  9. Саған қандай тағам ұнайды?

ІІ кезең: «Тіл — өнер»

Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табамыз.

І топ

  • Ең тәтті де тіл, — ең ащы да тіл.
  • Оқу — білім бұлағы, — білім — өмір шырағы.
  • Жүз сом ақшаң болғанша, — жүз досың болсын.
  • Білім таппай мақтанба, — өнер таппай баптанба.
  • Тіл — қылыштан да өткір.
  • Отан — оттан да ыстық.

ІІ топ

  • Шебердің қолы — ортақ, — шешеннің тілі — ортақ.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  • Ер жігіт елі үшін туады, — елі үшін өледі.
  • Мектеп — кеме, — білім — теңіз.
  • Жақсы жолдас — жанға серік, — жаман жолдас — малға серік.
  • Өнер алды — қызыл тіл.

ІІІ кезең: «Бәрін білгім келеді»

«Пәндер» айдары бойынша 4 пәннен 4 сұрақтан — барлығы 16 сұрақ дайындалған. Пәнді таңдауды оқушылар өздері шешеді. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

Қазақ тілі

10 ұпай: Фонетика нені зерттейді?
Тіл дыбыстарын.
20 ұпай: Қазақ тілінде неше септік бар? Ата.
7 септік.
30 ұпай: Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Ата.
6 түрге бөлінеді.
40 ұпай: Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер қалай аталады?
Есімдік.

Әдебиет

10 ұпай: Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жырлары және т.б.
20 ұпай: «Менің атым — Қожа» повесінің авторы кім?
Бердібек Соқпақбаев.
30 ұпай: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» өлеңі қалай аталады және авторы кім?
«Қыс», Абай.
40 ұпай: Қазақ тіл білімінің атасы, қазақ әліпбиінің негізін салушы кім?
А. Байтұрсынұлы.

Математика

10 ұпай: 4-ті 4-ке қосып, шыққан нәтижені 4-ке көбейтсең, қанша болады?
32.
20 ұпай: 0-ден 9-ға дейінгі сандардың қосындысы неше?
45.
30 ұпай: Түлкі әр 6 секундта 4 рет секіреді. 10 рет секіру үшін қанша секунд қажет?
15 секунд.
40 ұпай: Әлия қазір 10 жаста. Анасы Дина — Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы екі есе артқанда, Динаның жасы нешеде болады?
50 жаста.

География

10 ұпай: Қазақстанда неше облыс орталығы бар?
14.
20 ұпай: Қазақстанмен шекарасы ең ұзын ел қайсы?
Ресей.
30 ұпай: Оңтүстік жарты шарда жаз айлары қай айлар?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
40 ұпай: Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі қалай аталады?
Карта.

IV кезең: «Қызықты ұйқастар»

Әр топ сөздердің ұйқасын жылдам тауып айтуы керек.

І топ

  • Жизнь — өмір, уголь — көмір.
  • Число — сан, кровь — қан.
  • Молоко — сүт, жди — күт.
  • Человек — адам, шаг — қадам.
  • Таможня — кеден, пол — еден.

ІІ топ

  • Возьми — ал, мед — бал.
  • Рыба — балық, народ — халық.
  • Дверь — есік, колыбель — бесік.
  • Город — қала, ребенок — бала.
  • Игра — ойын, шея — мойын.

V кезең: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»

Әр топ мүшелері шығып, қазақ және орыс тілдерінде өлең оқиды. Өлеңді мәнерлеп, анық әрі таза оқуы тиіс. Бұл кезеңде тілдік машық, оқу мәдениеті және дикция бағаланады.

Қорытынды

Қорытынды сөз

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Енді сайысты қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Жеңімпаздарды марапаттау.)

Тілек

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста ұтылсақ та, өмірде әрдайым жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін.