Гимннің авторы кім
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар, бүгін біз үшін ерекше күн. Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз. Біз «қазақ елі» десек, ең алдымен Елбасымыздың есімін атаймыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан — Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен айтамыз.
Рәсім
Гимн орындалады.
Оқушылардың тақпақтары
Төменде оқушылардың мерекелік өлең жолдары берілген. Әр шумақта Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері, елдік бірлік және болашаққа сенім айқын көрінеді.
Зерда
Менің тұңғыш Президентім — Әбішұлы Нұрсұлтан, Еңбегімен еліне болған ол мақтан. Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды Қазақ елін, қазақ жерін — Қазақстан!
Диас
Менің тұңғыш Президентім — Әбішұлы Нұрсұлтан, Нұрлы жүзін танимын мен алыстан. Елбасының саясатының арқасы, Өсіп жатыр бар бала бақшадан.
Руслан
Менің тұңғыш Президентім — мақтаным, Ес білгеннен есімін оның жаттадым. Елбасының саясатының арқасы — Оңнан туды бүгін менің ақ таңым!
Алишер
Елбасым — менің Президентім, Назарбаев Нұрсұлтан, Көк байрағын әлемге түгел танытқан. Шарықтайды күнде әуезді, әсем Әнұран, Атағы оның естіледі алыстан.
Мейрамбек
Менің тұңғыш Президентім — Әбішұлы Нұрсұлтан, Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң. Барлық бала Елбасын жақсы көреміз, Есімі оның — бізге шын мақтан!
Зерда
Елбасым десем, естіледі Гимн, Оны бүгін барлық бала жаттаған. Көк байрағым желбірейді көгімде, Болашаққа жасаймын мен нық қадам.
Диас
Менің тұңғыш Президентім — Назарбаев Нұрсұлтан, Асыл жұлдыз, дара шыққан қазақтан. Маңдайдағы бағым десем болады, Көре білген бар қажетті алыстан.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Қымбатты оқушылар, сіздер — бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде Әнұранымыз асқақтап, Көк байрағымыз қалықтап, Елтаңбамыз айқындалып, толыққанды мемлекет атандық.
Осы тақырыпты бекіту үшін мен сіздерге сөзжұмбақ түрінде шағын тапсырма дайындадым. Кәне, тыңдап көрейік.