Қай топ жылдам
Сабақтың жоспары
Сабақ тақырыбы
Баяндауыш
Сабақтың типі
Жаңа білімді игерту
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Пән аралық байланыс
Дүниетану, көркем жазу
Сабақтың мақсаты
- Баяндауыш туралы жинақталған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
- Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.
- Экологиялық тәрбие беру: табиғатты, өсімдіктер әлемін және құстар тіршілігін сүюге баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері
- Көрнекілік
- Индукция
- Сұрақ-жауап
- Кубизм стратегиясы
Көрнекіліктер
- Тірек-сызба
- Мультимедиа
- Дидактикалық материалдар
- Дидактикалық ойын құралдары
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
Қайырлы таң, достым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын.
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, сондықтан келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
2) Топқа бөлу және бағалау
Топтар
- 1-топ: Алғырлар
- 2-топ: Тапқырлар
Ұпаймен бағалау
- 5 ұпай — қызыл фигура
- 4 ұпай — жасыл фигура
- 3 ұпай — сары фигура
Сайыс 10 кезеңнен тұрады. Жарыс болған соң бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Ұпайы көп жиналған топ жеңіске жетеді. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!
Сайыс кезеңдері (10 кезең)
- I. Таныстыру
- II. Кім білімді? (үй тапсырмасын тексеру)
- III. Білімді бекіту
- IV. Жаңа сабақ
- V. Қай топ жылдам? (ойын)
- VI. Топқа тапсырма
- VII. Аукцион ойыны
- VIII. «Баяндауышым қайда?» ойыны
- IX. Бәйге (топ басшыларымен сайыс)
- X. Қорытынды
I кезең: Таныстыру
Алғырлар тобы — ұраны
Ұқыпты — ұтар, Ізденген — табар. Оқыған — озар, Еріншек — тозар.
Тапқырлар тобы — ұраны
Өнеріміз өрге жүзер, Білімдіміз, ойда оқу біздерде. Мақсатымыз — өнерлі болу, Өнер-білім — тең таразы біздерге.
II кезең: «Кім білімді?» (үй тапсырмасы)
34-жаттығу: суретке қарап әңгіме құрастыру.
III кезең: Білімді бекіту (мақал-мәтел)
I топ
Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.
II топ
Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті.
Тапсырма: бастауышты тапқызу және ереже шығаруға бағыттау.
IV кезең: Жаңа сабақ
Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық.
Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын ретімен жазып алайық.
Алғырлар
- Жауын құйды.
- Оқу басталды.
Тапқырлар
- Күшік қыңсылады.
- Үйрек жүзді.
Тірек-сызбамен жұмыс: сөйлемнен баяндауышты табу, сұрақ қою, мағынасын анықтау.
V кезең: «Қай топ жылдам?»
35-жаттығу: «Маусымдар»
Қыс құнар береді, Көктем дән себеді. Жаз баптап өсірсе, Күз жинап-тереді.
VI кезең: Топқа тапсырма
36-жаттығу: мәтіннен қимылды білдіретін сөздерді табу.
Алғырлар
Тырс-тырс! Тырс-тырс! Жаңбыр кеп жауады, Тамшылар тамады.
Тапқырлар
Жапырақ жылайды, Жардан су құлайды.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
VII кезең: Аукцион ойыны
37-жаттығу: берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді табу және олардың сөйлемдегі қызметін анықтау.
Аукцион дегеніміз — сұраныс көп болғанда затты саудаға салып, ең жоғары баға ұсынған адамға сату. Бұл ойында біз «көк базарға» барып, ұнаған затты білімімізбен «сатып аламыз»: кім қимылды білдіретін сөздерді көбірек атаса, сол жеңеді.
Үлгі сөздер
Қатысты сөздер
- Аңдар
- Оқушы
- Құстар
- Су
Тапсырма: осы сөздерге сәйкес қимылды білдіретін сөздерді айтып, олардың сөйлемдегі мүшесін анықтау.
Енді алған «заттарыңды» жоғары көтеріп, нәтижені көрсетіңдер. Білімдерің өмірде керек: ұнаған заттарыңды еңбектеріңмен алып отырсыңдар. Құтты болсын!
VIII кезең: «Баяндауышым қайда?» ойыны
38-жаттығу: кестедегі бастауыш пен баяндауышты сәйкестендіру.
| Бастауыш | Баяндауыш |
|---|---|
| бұлт | ыдырап тарады |
| жел | қуып барады |
| күн | күлімдеп қарады |
IX кезең: Бәйге (топ басшыларымен сайыс)
Алғырлар
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Өнер алды — …
- Кім барлық тілде сөйлейді? (Жауабы: жаңғырық)
- Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
- Сөйлемге тән тыныс белгілерін ата.
Тапқырлар
- Бастауыш дегеніміз не?
- Тіл тас жарады, …
- Алманың жартысы неге ұқсайды? (Жауабы: өзінің жартысына)
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (Жауабы: бос ыдыстан)
X кезең: Қорытынды
Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтар
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш сөйлемде қандай мүше болады?
- Баяндауыштың сұрақтарын ата.
- Берілген мақалдан баяндауышты тап.
Бағалау және марапаттау
Жалпы сыныптың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады. Қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаз топты анықтайды.
Алғырлар — білімділігімен марапатталады.
Тапқырлар — алғырлығымен марапатталады.
Үй тапсырмасы
Күнделікті ашайық, Үй тапсырмасын жазайық. Баяндауыштан алған білімді Ұмытпай, есте сақтайық.
- 39-жаттығу (83-бет).
- Ережені жаттау.
Сабақ аяқталды.