Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы1 - тарау
1-тарау. Жалпы ережелер
Үлгілік оқу бағдарламасының негізі
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10–11-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Пәнді оқытудың мақсаты
Отандық тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және талдау арқылы олардың қазіргі замандағы орнын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіруге, сондай-ақ олардың маңызы мен мәнін терең ұғынуына жағдай жасап, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталады.
Негізгі ұстаным: тарихи деректерді талдау арқылы қазіргі қоғамдағы үдерістерді түсінуге қажет ойлау дағдыларын дамыту.