Тілейміз көктем шуағын, Тілейміз жаздың ұзағын
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — көбейту мен бөлу туралы бұрын алған білімді тереңдету, соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру және амалдардың өзара байланысын байқату. Сонымен қатар оқушылардың ұйымшылдығын, белсенділігін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту көзделеді.
Көрнекіліктер
- Ноутбук
- Құстардың суреттері
- Кеспе қағаздар
- Сызбалар
- Геометриялық фигуралар
Әдіс-тәсілдер және формат
- Түсіндіру, көрнекілік
- Талдау, жинақтау
- Жаттығу
- Сабақ типі: жаңа сабақ
- Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу
- Сабаққа даярлығын қадағалау
-
II. Психологиялық дайындық
Тілейміз көктем шуағын,
Тілейміз жаздың ұзағын.
Тілейміз күздің жемісін,
Тілейміз қыстың қарлысын.Сұрақ
Тілегіміз не туралы болды?
Жауап
Жыл мезгілдері туралы.
Қысқа әңгіме
Қазір — көктем. Көктемде қар ериді, күн жылынады, құстар оралады, көк шығады. Бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр: олар сіздердің математикалық білімдеріңізді бақылайды, ал құстар өз тапсырмаларымен бірге келді.
-
III. Ой қозғау (топтық жұмыс)
- Топтастыру стратегиясы
- Венн диаграммасы: көбейту мен бөлу
-
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
А) Кестемен жұмыс
Кестеде 5 баған және 3 қатар бар. Барлығы:
5 · 3 15 ұяшық3 · 5 15 ұяшықӘ) Текшелермен жұмыс
Текшелер 4 қатар және 5 баған болып орналасқан. Барлығы:
4 · 5 20 текше5 · 4 20 текшеЕреже
Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
-
V. Тақырыпты меңгерту: «Құстардың тапсырмалары»
Әр тапсырманы орындаған сайын бір буын беріледі. Барлық буындар бірігіп «Әй, жарайсың!» деген мадақтау сөзі шығады.
АққуБуын
«Әй»
Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу — айрықша таза, кербез, сұңқылдаған әсем үнді құс.
ТоқылдақБуын
«жа»
Тоқылдақтың тұмсығы өткір әрі мықты. Ол ағашты тесіп, құрт-құмырсқаны теріп жейді, сондай-ақ ағаш діңін тесіп, ұя жасайды.
№2 (топтық жұмыс)
Берілген тапсырманы топпен орындау.
№4 (тақтамен жұмыс)
Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру және кері есеп құрастыру. Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
Сергіту сәті
«Картоп отырғызу және жинау» қимыл-қозғалыс ойыны.
БүркітБуын
«рай»
Бүркіт — көк күмбезінде қалықтап ұшатын қыран құс. Тұмсығы өте мықты, сол тұмсығымен ұстаған олжасының етін жұлып жейді.
№5 (есеп)
Тексеру керек
32 және 27 дәптер
Тексеретін қалды
30 дәптер
Тексеріп қойды
?
Шешуі
(32 + 27) − 30 = 59 − 30 = 29
(32 − 30) + 27 = 29
32 − (30 − 27) = 29
Жауабы: 29 дәптерҚарлығашБуын
«сың!»
Қарлығаштың қанаты үшкір әрі ұзын, құйрығы айыр. Ол торғайдай шағын, көбіне адам мекеніне жақын жүреді.
№6 (геометриялық фигуралар)
Төртбұрыштардың периметрін есептеу.
-
VI. Бекіту
Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Ендеше берілген тапсырмаларды орындап, білімімізді бекітейік.
«Кім шапшаң?»
№3 (жеке жұмыс)
Сәйкестендіру тесті
Топтық жұмыс
-
VII. Қорытынды
Үй тапсырмасы
№7, 186-бет
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасы, белсенділігі және топпен жұмыс дағдылары ескеріледі.