Балалардың алған білімдерін тиянақтап, одан әрі жетілдіру

Сабақтың тақырыбы

«Ойнайық та, ойлайық»

Сабақтың барысы

Балалар көңілді ән ырғағымен ән-күй залына кіріп, үлкен шеңбер құрады. Сабаққа психологиялық дайындық жасалады.

Амандасу

Балалар:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Балалар қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері (психологиялық сәт)

Балалар (өлең):

Аспанда бәрі ғажап,

Жерде бәрі ғажап,

Айнала бәрі ғажап,

Менде бәрі ғажап.

Ортақ тілек:

  • Аспанымыз ашық болсын!
  • Еліміз тыныш болсын!
  • Ата-анамыз аман болсын!
  • Досымыз көп болсын!
  • Күніміз шуақты болсын!
  • Әрқашан дос, тату-тәтті болайық!
  • Жүзіміз нұрлы болсын!
  • Алланың нұры жаусын!
  • Күніміз сәтті болсын!

Оқытушы:

Балалар, орнымызға отырамыз.

Қонақ кейіпкер: Қуыршақ Лиза

Оқытушы:

Сәлеметсің бе, Қуыршақ Лиза! Келгеніңе қуаныштымыз. Біздің қонағымыз бол.

Қуыршақ Лиза:

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлем, балалар. Қалдарың қалай?

Я кукла, меня зовут Лиза.

Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақ тілін үйренгім келеді. Сендермен танысқым келеді.

Хочу с вами познакомиться.

Сенің атың кім? Сен неше жастасың?

Балалар:

Рахмет, жақсы.

Балалар өз аттарын атап, жастарын айтады (мысалы: «Менің атым Артем. Мен 5 жастамын.»).

Саусақ жаттығулары және жаңылтпаштар

Пальчиковые упражнения и скороговорки.

1-бала:

Мынау – ата,

Мынау – әже,

Мынау – әке,

Мынау – шеше,

Мынау – мен.

Мынау менің тату отбасым.

2-бала:

Бас бармақ – ата,

Балаң үйрек – әже,

Ортан терек – әке,

Шылдыр шүмек – шеше,

Кішкентай бөбек – мен.

3-бала:

Шеше, шеше! Неше кесе сынды кеше?

4-бала:

Ақ шар бар, көк шар бар, көп шар бар — бес шар.

5-бала:

Қыста құлағым үсіп, ісіп қалды.

6-бала:

Әсем, әсем, билеуге әлек.

7-бала:

Бала, бала, балақан,

Кәне, саусақ, алақан,

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.

Музыкалық сыйлық

Оқытушы:

Қуыршақ Лиза, біздің саған музыкалық сыйлығымыз бар. Қабыл ал, әнімізді тамашала.

Мы приготовили тебе музыкальный подарок.

Музыкалық үзіліс (музыкальная пауза)

Ән: «Жақсы көрем»

Орындайтын: Томирис

Қуыршақ Лиза:

Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар!

Молодцы, ребята. Я вам тоже приготовила сладкий подарок, но вы получите его в конце занятия. Согласны?

Қазір біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз — ол жерде бізді көп қызық күтеді. Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Ертегі кейіпкері: Алдар Көсе

Залға қолына домбыра ұстаған Алдар Көсе келеді. Ол өзінің сүйікті әнін айтып, балалармен амандасады.

Алдар Көсе (ән):

Мен Алдармын, Алдармын,

Байларды мен алдаймын,

Е-е-е-е-е-е,

О-о-о-о-о-о.

Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Менің атым Алдар.

Я — веселый Алдар Косе. Я живу в замечательных казахских сказках.

Зачем вы меня позвали? У вас сегодня праздник?

Оқытушы:

Сәлеметсіз бе, Алдар Көсе! Сабаққа қош келдіңіз.

Балаларымыз бүгін өз білімін көрсетеді, соны тамашалаңыз.

Да, уважаемый Алдар Косе, у нас сегодня замечательный день — День казахской музыки и казахского языка. Оставайся с нами, будь нашим гостем.

Балалардың мақал-мәтелдері

9-бала:

Еңбек түбі — береке.

Труд прославляет.

10-бала:

Күш — білімде.

Сила в знаниях.

11-бала:

Көз қорқақ, қол батыр.

Глаза боятся, а руки делают.

12-бала:

Нан — астың атасы.

Хлеб всему голова.

13-бала:

Нан болса, ән де болады.

Где хлеб, там и песня звучит.

14-бала:

Кітап — алтын қазына.

Книга — бесценный клад.

Алдар Көсе:

Рахмет, балалар! Бәрекелді, жарайсыңдар!

А поиграть хотите? Игра называется «Веселый домбрист» (ережесі түсіндіріледі).

Ойын және диалог тапсырмалары

Оқытушы:

Алдар Көсе, рахмет сізге — ойыныңыз өте қызықты екен. Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

Балалар: Иә.

Балалардың көрсетілімі:

  • Диалог: телефонмен сөйлесу.
  • Ойыншықтармен ойнау: «берші», «алшы» сөздерін қолдану.

Қорытынды ән

Оқытушы:

Құрметті Алдар Көсе, Қуыршақ Лиза, балаларымыз сіздерге арнап қызықты ән дайындады.

Ән:

«Туған жер» — «Непоседы» тобының орындауында

Алдар Көсе мен Қуыршақ Лиза балалармен және қонақтармен қоштасады.

Қорытынды

Пысықтау:

Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады.

Бағалау және қоштасу:

Мұғалім балаларды мақтайды. Балалар қонақтармен қоштасады.

Оқу іс-әрекеті ойын, тіл дамыту және музыка арқылы біріктірілді.

Light mode • Tailwind CSS