Саяхат сабақ Дәрумендер пайдасы Ашық сабақ мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Саяхат сабақ: дәрумендердің пайдасы

Сынып: 5-сынып

Ашық сабақтың мақсаты

Оқытудың озық технологияларын қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану.

1) Білімділік

Дәрумендердің пайдасы туралы білімдерін сабақта көрсете алу және тақырып бойынша қазақ тілінде еркін тілдесуге үйрету.

2) Дамытушылық

Сөздерді тәуелдеу, жіктеу, септеу дағдыларын дамыту; сұрақ қойып, оған толық жауап бере алу қабілетін арттыру.

3) Тәрбиелік

Дәрумендердің маңызын түсінуге, алған білімдерін күнделікті өмірде практикада қолдануға баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Дәрумендердің пайдасы туралы ойын дәлелді түрде жеткізеді.
  • Постер құрып, оны қорғап шығады.
  • Саяхат сабағы форматына сай берілген тапсырмаларды жүйелі орындайды.
  • Тәуелдік және жіктік жалғауларын қолданады; жұмбақталған сөйлемдердің шешуін табады.
  • Топпен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренеді: тапсырманы бірігіп орындап, бір-бірінен үйренеді және бәсекелестікке ынталанады.
  • Өтілген тақырыптар бойынша қорытынды жасап, нәтиже шығара алады.

Қолданылатын көрнекі құралдар

Интерактивті тақта Слайд Таймер Саяхат желісі бар тақта Тапсырмалы қалташалар «Шаттық шеңбері» тренингіне құралдар «Ыстық орындық»

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1. Сыныппен сәлемдесу.
  2. 2. Тіл дамыту кезеңі.

II. Үй жұмысын тексеру

Үйге әр оқушы жеке дайындаған постерін мұғалімге тапсырады. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар өткен материалды пысықтайды.

Барлық дәрумендер денсаулыққа пайдалы. Сондықтан бүгінгі сабағымыз ерекше: біз «саяхат сабақ» форматында жұмыс істейміз.

Сабақтың эпиграфтары (5 минут)

  • Дұрыс тамақтану — денсаулықтың кепілі.
  • Дәрумендер адамның ағзасына пайдалы.
  • Денсаулықты сақтау адамға байланысты.
  • Денсаулық — ең үлкен байлық.

Осы ойларға сүйене отырып, денсаулығымызды нығайту мақсатында саяхатқа шығамыз.

Саяхат бағыты

1) Дәрумендер елі

2) Пайдалы сусындар әлемі

3) Алма бағы

4) Шаттық шеңбері

5) Саяжай

6) Азық-түлік дүкені

Тақтада ілінген эпиграф сөйлемдері оқушыларға жеке-жеке таратылып беріледі. Сол сөйлемдегі сөздер бойынша оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топтың тұсында A, B, C, D дәрумендері көрсетілген.

1-тапсырма: Постер құру (6 минут)

Әр топ «Дәрумендердің пайдасы» тақырыбы бойынша постер құрып, қорғайды.

Тірек өлең

Дәрумендер — тірегің,

А, В, С, D, Е деп аларсың.

А — көзіңе аса қажет,

В — жүйкені тоғайтар.

С — дан микроб безінер,

D — сүйекті нығайтар.

Жетіспесе бірі оның —

Ауырып сен қаларсың.

2-тапсырма: «Пайдалы сусындар» әлемі

Оқушылар жеміс-жидек пен басқа да азық-түліктердің адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеп айтады. Саяхатымызды жалғастырып, «Пайдалы сусындар» әлеміндегі тапсырмаларды орындаймыз.

Тапсырма: жасырылған жұмбақ сөйлемдердің шешуін тауып, тақырып бойынша әңгімелеу.

Автор туралы

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы №1 Новоишим орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі — Хизат Ақмарал.