Шығармашылық жұмыс Еркін жазу стратегиясы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақта оқушылар «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Заттың атын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажыратып, сөйлем ішінде дұрыс қолдануды үйренеді.
1) Мазмұндық міндет
Тапсырмалар арқылы зат есімді тауып, сұрақ қоя алады.
2) Сыни ойлау
Ой-өрісі кеңейіп, пікір алмасу мәдениеті қалыптасады.
3) Топтық жұмыс
Өз ойын дәлелдеп, топ алдында қорғауға дағдыланады.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
- 1) Топқа бөлу: оқушылар екі топқа бөлінеді. «Шаттық шеңберінде» бір-біріне жылы сөз айтып, мақтау білдіреді.
-
2) Ой ашар (5-жаттығуды тексеру):
Ақ, көк, сары көбелек, Көріктісің керемет. Қуа-қуа шаршадым, Жеткізбейсің, не керек?
- 3) Өткенді қайталау: «Сөз таптары» тақырыбы еске түсіріледі. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар, бастауыш сыныпта 4 сөз табымен танысатынымыз айтылады.
-
4) Жұмбақ арқылы тақырып ашу («Ой қозғау»):
Сөз табының ең басында тұрамын, Білесіңдер «Кім?», «Не?» деген сұрағым. Сөйлемде ой иесі боламын, Етістікпен көркейемін, толамын.
Жауабы: Зат есім.
II. Мағынаны тану
Зат есім — заттың, адамның, ұғымның атын білдіретін сөздер. Олар «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап береді.
Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу
«Шашылған жапырақтардағы» сөздер беріледі. Әр топ өз сұрағына сәйкес сөздерді (І топ — «Кім?», ІІ топ — «Не?») бірлесе теріп жазады және қорғайды.
Сергіту сәті
Жел соқты.
Жапырақтар сыбдырлады.
Жаңбыр жауды.
Жаңбыр қатты жауды.
Жаңбыр басылды.
Күн шықты.
Көру диктанты
Ардақтайтын Астанам, Мәртебелі бас қалам. Көркейе бер күн сайын, Алға қарай бас қадам!
Тапсырма: мәтіннен зат есімдерді табу.
Шығармашылық жұмыс («Еркін жазу»)
Тапсырма: әр оқушы өз қалауымен сурет таңдап, соған байланысты шағын әңгіме жазады. Жұмысын оқып береді, кейін жатқа жазуға тырысады.
4-жаттығу: зат есімді табу
Жаңылтпаш
Айдарбек бұзауды байлар, — деп Айтып кетті Айбар мен Жайнар кеп.
Тапсырма: жаңылтпаштан зат есімдерді табу.
III. Ой толғаныс («Бір айналым сөйлесу»)
Сұрақтар: «Бүгін нені үйрендік? Нені білдік?» Әр оқушы зат есім туралы түсінгенін ортаға салып, қысқа пікір білдіреді.
IV. Үй тапсырмасы
5-жаттығу.
V. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, топтағы белсенділігі және ойды еркін жеткізу дағдылары ескеріледі.
Автор туралы
Құбиева Зауреш Паңгерейқызы — Атырау қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.