Емге ішеді жас пен кәрі

Азық-түлік пен тағам туралы жұмбақтар

Төмендегі жұмбақтар қазақтың тұрмыс-тіршілігімен, дастархан мәдениетімен және тағамға деген құрметімен астасып жатыр. Әр жұмбақтың соңында жауабы жақша ішінде берілген.

Нан, таба және қамыр

  • Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас.

    Жауабы: таба, нан

  • Үсті темір, асты темір, ортасын ал да кемір.

    Жауабы: таба, нан

  • Былқ-былқ, былқ семіз, қабырғасы жоқ семіз.

    Жауабы: қамыр

  • Күрең қызыл түсі бар, тағамдардың асылы. Қуат берер күші бар.

    Жауабы: таба нан

  • Беттескен қос табақ, ортасында бас тамақ. Қоз бен шоққа ораса, дәмі піседі тамаша.

    Жауабы: таба нан

  • Дегенде емен екен, емен екен, мен көрсем емен жолы төмен екен. Білімді ақын болсаң, мен айтайын: «Құраннан» бір жас үлкен немене екен?

    Жауабы: нан

Дастархан және дастүр

  • Алға жайып тұз-дәмін, келтіреді үй сәнін. Ол халқымның ақ жаны, жақсы дәстүр маржаны. Кеңпейіл де арайлы — осы жерден тарайды.

    Жауабы: дастархан

Дәмдеуіштер: тұз, қант, пияз, науат

  • Ұрмай-соқпай жылатады, әркім бірақ ұнатады.

    Жауабы: пияз

  • Өзі ащы, бірақ асты дәмді етеді.

    Жауабы: тұз

  • Ақ қиыршық еритін, ас жоқ одан жеритін.

    Жауабы: тұз

  • Көлікпен түздің, ащы тас сүздім.

    Жауабы: тұз

  • Бар еді бір жұмбағым, егін емес. Кісінің егейін десе, ебі келмес. Барлық елге бірдей, көтерсең — ешнәрседен жеңіл емес.

    Жауабы: тұз

  • Өзі аппақ қардай, шайға салсаң балдай.

    Жауабы: қант

  • Мұз сынды түрі, тәтті дәмнің бірі.

    Жауабы: науат

Жұмыртқа

  • Түсі аппақ, тысы қатты-ақ, екі түрлі уызы — жесең тәтті-ақ.

    Жауабы: жұмыртқа

  • Есігі жоқ, тесігі жоқ, ақ доптың ішінде несібі көп.

    Жауабы: жұмыртқа

  • Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, қайнатса оның суы мұз болады.

    Жауабы: жұмыртқа

  • Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.

    Жауабы: жұмыртқа

Сүт тағамдары: сүт, айран, уыз, құрт

  • Сылдыр сұйық, ағады. Ақ болса да қар емес. Шешуін кім табады?

    Жауабы: сүт

  • Аппақ сұйық, қалса ұйып, шөлің қанады, ішсең құйып.

    Жауабы: сүт пен айран

  • Сұйық еді аппақ, бауырдай боп қатыпты. Ішсең дәмі тәтті-ақ.

    Жауабы: айран

  • Қырымда бір құдық бар, суы батпан. Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың бетіне бетегесі шығып жатқан.

    Жауабы: айран

  • Шиге жайып кептірген, өзі қышқыл, түсі ақ. Сорсаң дәмді, жаңғақтай-ақ домалақ.

    Жауабы: құрт

  • Әжем уыстап сығып, далада кептірген. Қатты әрі тәтті дәмін кім жеп көрген?

    Жауабы: құрт

  • Мал төлдеп, әр ауыл пісірді ақ бауыр.

    Жауабы: уыз

  • Дастарханға түспейді, қазанда піспейді, дәмі ауыздан кетпейді.

    Жауабы: ана сүті

  • Жалғанда бір құдық бар, суы тәтті. Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.

    Жауабы: емшек сүті, бес саусақ

Қымыз, шұбат және ыдыстар

  • Аппақ су — дәмі тәтті, ішсең сусын қандырады, шөлдегенде қатты.

    Жауабы: қымыз

  • Әрі сусын, әрі дәрі: емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті, елдің құты деп бағалар жұрттың бәрі.

    Жауабы: қымыз

  • Тері құдық қауғасын тарттым да, қанып іштім дәмді асын.

    Жауабы: саба

  • Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, байлаған екі жақтан тесіп құлақ. Ойнақтар ор текесі ортасында, денесі басқалардан ұзынырақ.

    Жауабы: қымыз, саба, піспек

  • Ең мықты дәрі — жұрттың бәрі. Ауысап ішер, бал татыр дәмі, ненің нәрі?

    Жауабы: шұбат

  • Мал киімі ысталған, дәмі дәмді ұсталған.

    Жауабы: мес

Май, жілік және сорпа

  • Қос басы жұмыр, жіңішке құбыр. Ішіне жиған — дәмі де шымыр.

    Жауабы: жіліктің майы

  • Кішкентай құдығымның суы тәтті.

    Жауабы: жіліктің майы

  • Асты тақтай, үсті тақтай, арасында асыл мақтай.

    Жауабы: жіліктің майы

  • Ашылмайды қабағы, әркімнің де тамағы. Ашуланса болады, ұлпадай жұмсақ жабағы.

    Жауабы: тоң май

  • Алтын алдым жапырақ, жатқан жері топырақ. Алтынменен аптаған, күміспенен қаптаған.

    Жауабы: өсімдік майы

  • Мың қойым суға жүзеді, қойшысы бірге жүзеді.

    Жауабы: көже мен шөміш

Шай, кесе және су

  • Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, бөденені біреу атып жеген екен. Еті арам, сорпасы адал немене екен?

    Жауабы: шай

  • Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, қиын жерден қуанып ауыз толар. Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?

    Жауабы: кесе, шай

  • Бір жансыздың қаны бар, тіл үйірген дәмі бар. Шөлдесең іш, қанып ал.

    Жауабы: кесе мен шай

  • Аспан түстес сұйық, әркім ішер құйып.

    Жауабы: су

Тәттілер: бал, балмұздақ

  • Аппақ қардай, дәмі балдай.

    Жауабы: балмұздақ

  • Аппақ ас, сызы бар, балалар қызығар.

    Жауабы: балмұздақ

  • Тобатайға құртымдай, жаз бойы бір тынбай. Жинаған гүл сөлін — не? Білсең, айтшы өзің.

    Жауабы: араның балы

Адам ағзасы және тамақ

  • Қол ауызға берді, ауыз жауызға берді. Жауыз ирек жол арқылы барлығын қазынаға берді.

    Жауабы: ішкен тамақ