Ойшылдар тобы

Жалпы сипаттама

Сабақтың атауы

«Білімді мыңды жығар» — интеллектуалды ойын

Қажетті материалдар

  • Топ атаулары жазылған қағаздар
  • Қима қағаздар
  • Интерактивті тақта

Жалпы мақсат

Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау.

Оқыту нәтижелері

  • Пәндер бойынша білімін жүйелеу және көрсету
  • Ой ұшқырлығын, логикалық ойлауын дамыту
  • Топпен бірлесе жұмыс істеуге дағдылану
  • Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру
  • Дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қиялын дамыту
  • Өз ойын еркін әрі дәл жеткізе білу

Негізгі идея

  • Болашаққа үлес қоса алатын, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу
  • Ұйымшылдыққа және еңбекқорлыққа баулу

Тапсырмалар мен уақыт мөлшері

1. Топқа бөлу

5 минут

2. I айналым — «Тездет, бірақ қателеспе!»

10 минут

3. II айналым — «Ұшқыр ой»

3 минут

4. III айналым — «Ойлы болсаң, озып көр»

15 минут

5. IV айналым — «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

2 минут

6. V айналым — «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (жарнама)

5 минут

7. Қорытындылау

5 минут

Бағалау жүйесі

Әр айналымда әділқазылар нәтижені тіркеп отырады. Ұпайлар ойын соңында жарияланады, жеңімпаз топ және ең көп ұпай жинаған білімді оқушы анықталады.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адамдық.

Кіріспе сөз: бүгін біз «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынды өткіземіз. Оқушылар әртүрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді:

  • I топ — «Білімділер»

  • II топ — «Ойшылдар»

Топ таныстыру: «Білімділер»

Бір сыныпта оқимыз бәріміз де, Достық сөзі әрқашан дәрі бізге. Жарысуға сендермен келіп тұрмыз, Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Ұран:

Білімдіге — дүние жарық, білімсіздің күні — кәріп.

Топ таныстыру: «Ойшылдар»

Біз дайынбыз жарысуға, достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Ұран:

Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.

Ойын тәртібі

  • Ойын 5 айналымнан тұрады.
  • Әділқазылар алқасы сайланады.
  • Әр тапсырма талапқа сай орындалса, ұпай беріледі.

Айналымдар мазмұны

I айналым — «Тездет, бірақ қателеспе!»

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап тек бір сөзбен беріледі: иә немесе жоқ. Екі топтың да жауабы тыңдалып болған соң, дұрыс жауап интерактивті тақтадан көрсетіледі.

«Білімділер» тобы — сұрақтар

  1. Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (Иә: қатаң, ұяң, үнді)
  2. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (Жоқ: тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
  3. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (Иә)
  4. Судың 4 күйі бар. (Жоқ: 3 күйі бар — қатты, сұйық, газ)
  5. Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (Иә: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
  6. 120 минутта 3 сағат бар. (Жоқ: 2 сағат)
  7. Жұмбақ — үлгі-өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ: бір затты, жайды табу үшін астарлап айтылатын қысқаша өлең)
  8. «Қандай?», «Қай?» сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (Иә)
  9. 9 бен 4-тің көбейтіндісі 32-ге тең. (Жоқ: 36)
  10. Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (Иә)

«Ойшылдар» тобы — сұрақтар

  1. Зат есім «қандай?», «қай?» деген сұраққа жауап береді. (Жоқ: «кім?», «не?»)
  2. Ұзындық өлшем бірліктері: мм, см, дм, м, км. (Иә)
  3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы — ертегі. (Жоқ: аңыз)
  4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі — карта. (Иә)
  5. 45-тің 5-тен бір бөлігі 8-ге тең. (Жоқ: 9-ға тең)
  6. Үш биді ата: Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би. (Иә)
  7. Негізгі сөйлем мүшесі — баяндауыш. (Жоқ: бастауыш)
  8. Адам денесінің тірегі — бас. (Жоқ: қаңқа)
  9. Шаршы — барлық қабырғасы тең төртбұрыш. (Иә)
  10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты — Сабалақ. (Иә)

II айналым — «Ұшқыр ой»

Дұрыс орындаған топқа: 10 ұпай

Берілген бір сөзден бірнеше жаңа сөз құрастыру керек.

«Ойшылдар» сөзі

Атамекен

«Білімділер» сөзі

Болашақ

Әділқазылар әр кезеңді бағалап отырады, қорытынды нәтиже ойын соңында айтылады.

III айналым — «Ойлы болсаң, озып көр»

Әр сұрақтың ұпайы әртүрлі

Сұрақтар пәндер бойынша беріледі: дүниетану, математика, қазақ тілі, ана тілі. Команда ұпайды сұрақтың күрделілігіне қарай таңдайды.

Дүниетану

  • 20 ұпай

    Бұл аңның жаудан қорғанудың екі тәсілі бар: бүркеніш реңі және аяқтарының жылдамдығы. Тез жүгіреді, тез секіреді. Кейде бұл қасиеттері көмектеспесе, шалқасынан жатып, артқы аяқтарымен қорғанады.

  • 30 ұпай

    Қай құс жұмыртқа баспайды және өз атын қайталай береді?

  • 40 ұпай

    Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде.

Математика

  • 20 ұпай

    Есік алдында үш гүл өсіп тұр: қызыл, сары, көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес. Гүлдер қалай орналасқан? (Жауап: сары, көк, қызыл)

  • 30 ұпай

    2 кг мақта ауыр ма, әлде 2 кг темір ауыр ма?

  • 40 ұпай

    Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

Қазақ тілі

  • 40 ұпай

    Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.

  • 30 ұпай

    Еңбек туралы мақал-мәтел айт.

  • 20 ұпай

    Хат сөйлеудің қай түріне жатады? (Жауап: жазбаша)

Ана тілі

  • 20 ұпай

    «Жыртық терезе, қара су, аштық азабы» — әңгіме кім жайлы? Авторы кім? (Жауап: Б. Майлин, «Күлпаш»)

  • 30 ұпай

    Суретке зер сал: қай мысал, авторы кім? Екі оқушы сахналап көрсетеді. (Жауап: «Шегіртке мен құмырсқа», И. Крылов; аударған — Абай)

  • 40 ұпай

    «Қасиетті тілімнен түңілмедім» — қай өлең? Авторы кім? Жатқа айт. (Жауап: «Үш бақытым», М. Мақатаев)

IV айналым — «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

10 ұпай

Тапсырма: шрифтограмманы шешу.

«Білімділер» тобы

пан – ба – ла
тап – ха – на – кі
ған – бал – дыр

«Ойшылдар» тобы

те – ма – ка – ти – ма
ыр – шақ – қу
ле – ди – те – дар

V айналым — «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Жарнама жасау: 10 ұпай

«Білімділер» тақырыбы

«Менің мектебім» — жарнама

«Ойшылдар» тақырыбы

«Сүйікті оқулығым» — жарнамалау

Бұл кезеңде топтар идеяны ықшам, сенімді және көркем тілмен ұсынады.

Қорытынды

Жарыс заңы ежелден — Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол — Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділқазыларға беріледі: ұпайлар жарияланып, жеңімпаздар марапатталады. Ең көп ұпай жинаған оқушы ерекшеленіп аталып өтеді. Топ жетекшілері қорытынды жасап, бағаларын айтады.